Түркістан облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды

Түркістан облысында, елді алдап 1,5 млрд теңгені қалтаға басқан қаржылық пирамида белсенділері ұсталды, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

1,5 мың адамды сан соқтырған 12 алаяқ осы уақытта уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. «Indigo-24 Evolution» атауымен аты шыққан қаржылық пирамида, Жетісай, Мақтаарал, Шардара және Сарыағаш ауданы тұрғындарын «тақырға» отырғызған. «Аяқ асты байып шығамын», деген оймен олар алаяқтардың алақанына миллиондаған теңге ақша салыпты. Зардап шеккендердің алды жазда шағымдана бастаған. Ақыры полиция, алаяқтар жұмысын тоқтатып, күдіктілерді ұстады. Алайда, алданған жұрттың ақшасын кім қайтаратыны әзірге белгісіз.

— Бұл жайт ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі «Қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету» бойынша тіркелді. Осы бапқа сәйкес күдікті азаматтар 5 және 10 жыл аралығында бас бостандығынан айрылуы мүмкін,-деді Түркістан облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

© Астана телеарнасы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...