Түркістан облысы COVID-19-ды анықтауда тәулігіне 5 мың. тест өткізуге дайын

Түркістан облысының медициналық ұйымдарында орналасқан зертханалар тәулігіне Covid-19-ды анықтау үшін 5000 тест өткізуге дайын. Облыс бойынша тәулігіне ПТР-тест жүргізетін 10 зертхана жұмыс істеуде.

Облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың сөзінше, өңірде пандемия басталғалы күні бүгінге дейін барлығы 240 мыңға жуық тест өткізілген.

«Аймақта пандемияның екінші толқынына дайындық жұмыстары күшейтілген. Инфекциялық стационарларда науқастарды қабылдауға 600 төсек-орын әзірленген. Сондай-ақ, 340 орындық карантиндік стационар қосылды. Жалпы, эпидемияның ықтимал өршуін ескере отырып, облыс бойынша 6000-ға жуық төсек-орын қарастырылған. Бұдан басқа, барлық емдеу мекемелері дәрі-дәрмектердің екі-үш айлық қорымен қамтамасыз етілген»,- деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, аймақта күні бүгінге дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған 3430 жағдай тіркелген. 3362 науқас сауығып кеткен. Соңғы бір тәулікте індеттің симптомсыз түрімен 2 науқас тіркелген. Инфекциялық стационарларда қазір 44 науқас ем қабылдауда. Оның ішінде 1 науқас коронавирус инфекциясына, қалғандары вирусты пневмонияға шалдыққандар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...