© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы тағайындалды

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов жұмыс сапарымен Түркістан облысында болып, облыстық сот ұжымына Соттар әкімшісінің жаңа басшысын таныстырды.

Департамент басшысының Өкімімен Түркістан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы қызметіне Жеңіс Тілләбайұлы Мақұлбаев тағайындалды.

Нұрсұлтан Төленұлы өз сөзінде сот жұмысының тиімділігін арттыру бойынша алда үлкен міндеттер қойылып отырғанына назар аударып, Ж.Мақұлбаевтың кәсіби біліктілігі, жеке адами қасиеттері, білімі мен сот жүйесіндегі мол тәжірибесі өңір соттарындағы мәселелерді табысты шешуге мүмкіндік береді деген сенім білдірді.

Түркістан облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушы Серік Дэюлиев жаңа басшының көпжылдық тәжірибесі, біліктілігі және жоғары ұйымдастырушылық қабілеті облыс судьялары қауымдастығына белгілі екенін атап өтіп, соттар қызметінің қамтамасыз етілу сапасы тиісті деңгейде болатынына сенетінін жеткізді.

Ардагер судья Темір Балкен жаңа басшыға қызметте жоғары жетістіктер тілеп, жылы лебізін білдірді.

Өз кезегінде, Ж.Мақұлбаев алда соттардың қызметін қамтамасыз ету бойынша көп жұмыс күтіп тұрғанын және маңызды мәселелерді шешуге бар күш-жігері мен тәжірибесін салатынын айтты.

Айта кетсек, Жеңіс Тілләбайұлы Мақұлбаев 1973 жыл Оңтүстік Қазақстан облысында туылған. 1995 жылы Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «заңгер-құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірген.

2004 жылдан бастап Ақтау қалалық сотының судьясы, Сарыағаш аудандық №2 сотының төрағасы, Мақтаарал аудандық №2 сотының төрағасы, Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметтерін абыроймен атқарған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Құрмет грамотасымен», Жамбыл облыстық соты төрағасының грамотасымен, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының «Алғыс хатымен» марапатталған.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барсында Н.Байтілесов Соттар әкімшісінің қызметкерлерімен және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот ұжымымен кездесті. Жиында Нұрсұлтан Төленұлы Жоғарғы Сот тарапынан сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сот төрелігін жұзеге асыруда цифрлық технологиялары кеңінен қолдану мәселелері және азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.

Кездесуде департамент басшысының орынбасарына сот қызметкерлері көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Осы күні Н.Бәйтілесов өңір әкімі Өмірзақ Шөкеевпен жұмыс кездесуін өткізіп, онда облыстық сот ғимаратын салу, судьялар мен сот қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Түстен кейін Н.Байтілесов Арыс қаласына барып, жаңадан басталған аудандық сот ғимаратының құрылысымен танысты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...