Ордабасы ауданында 43 млрд. теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген

Түркістан облысы Ордабасы ауданында ауылшаруашылығы саласындағы өнімнің табысы биыл 43 млрд. 175 млн. теңгені құрады, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 млрд. 371 мың теңгеге артты. Оған қоса он ай ішінде ауданның ауыл шаруашылығына 5 миллиард теңгеден астам инвестиция салынған. Бұл өткен жылға қарағанда 1,6 есеге көп.

Егістік жерлерді тиімді пайдалану мақсатында екі өнім алу жобасымен аудан бойынша 90 шаруашылық айналысуда. 83 шаруашылықтың 169 гектардан алған алғашқы өнімі 4031,2 тоннаны құраған. Диқандар 126,8 гектардан екінші рет өнім жинап, қамбаларын 1 658,9 тонна өніммен толықтырған.

Кеңінен қолданыс тапқан тамшылатып суару әдісі 628 гектар жерге енгізіліп, жоспар 104 % орындалды. Аудан халқын жеміс-жидекпен толық қамту мақсатында жалпы 319 гектар жерге көпжылдық қарқынды екпелер орналастырылған.

Ерекше кәсіпті игерген «BS-Agro Product» ЖШС-гі жаңа инновацияны қолдану арқылы 60 гектарға суғарусыз әдісімен «Сitrullus Lanatus (Мalali)» сұрыпты қарбыз көшетін отырғызып, бүгінгі таңға 6,6 тонна қарбыз дәнін жинап алды. Дәл осы тәсілмен егілген қарбыздың дәні шетелдік косметология саласында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Серіктестік жиналған өнімді Израиль мемлекетіне экспорттауды жоспарлауда.

Диқандар мемлекет тарапынан да барынша қолдау тауып келеді. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге аудандағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 6 110 тонна жеңілдетілген бағада жанар май бөлінген. Сонымен қатар, топырақтың құнарлылығы мен ауыл шауашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын арттыру үшін 4 200 тонна минералды тыңайтқыштар үлестірілген.

Ордабасы ауданы бойынша көкөніс пен астық сақтауға арналған жалпы сыйымдылығы 38 мың тоннадан астам 16 қойма бар. Жыл соңына дейін Бадам ауыл округінен қосымша заманауи қойманы еске қосу көзделуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Үкімет ішкі нарықты тауарлармен қамтамасыз ету, бәсекелестікті реттеу және қорғау есебінен инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар кешенін жалғастырады

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет Ұлттық банкпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ішкі нарықты тауарлармен қамтамасыз ...

Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін үйлестірілген шаралар қабылдап жатыр

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәлсихатында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров валюта нарығындағы ахуал мен оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық ...