© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өмірзақ Шөкеев: коронавируспен күресте дәрі-дәрмек тапшылығы орын алмауы тиіс

Коронавирустық инфекцияның екінші ықтимал толқынына дайындық барысында, Түркістан облыстық медициналық ұйымдарын дәрілік заттар және арнайы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында республикалық және облыстық бюджет есебінен жалпы 2,1 млрд. теңге қарастырылды. Аталған қаржыларға дәрілік заттар, медициналық бұйымдар мен дезинфекциялық ертінділер сатып алынған. Қажетті заттардың 70%-ы медициналық мекемелерге беріліп, қалған 30%-ы облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасында сақтаулы. Халық денсаулығына төнген қауіптің жағадан алмасына кепіл жоқ. Сондықтан емдеу мекемелерінде қазір дәрі-дәрмектің 2 айлық қор резерві қалыптастырылған.

Бұл жөнінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында өткен Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру жөніндегі көшпелі баспасөз — конференциясында мәлім етті.

«Өңірде тұрғындардың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бөлшек сауда дәріханалары арқылы жергілікті тұрақтандыру қоры құрылып, облыс бюджеті есебінен 317,0 млн. теңге бөлінді. Облыс аумағындағы 557 бөлшек сауда дәріханаларының жартысына жуығымен өзара әрекеттесу туралы Меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде дәрі-дәрмек тапшылығы орын алмауы тиіс»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Мемлекет басшысының Жолдауында атап көрсетілген тағы бір мәселе – медициналық инфрақұрылымды дамыту болатын. Бұл тұрғыда ел көлемінде салынып жатқан 13 жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасының біреуі Түркістан қаласында бой көтеруде. 200 төсек орынға арналған жұқпалы аурулар ауруханасы таяуда пайдалануға беріледі. Короновирустық инфекцияның өршуі ықтимал әр түрлі болжамына байланысты өңірдегі медициналық ұйымдарда төсек-орын санын 5 610 дейін ұлғайтуға мүмкіндігі бар. Аймақта пандемияның екінші ықтимал толқынына дайындық жұмыстарын күшейту барысында инфекциялық стационарларда науқастарды қабылдауға 600 төсек-орын әзірленген. Сондай-ақ, 340 орындық карантиндік стационар қосылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...