© Түркістан облысының әкімдігі

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Болат Анапияұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановпен бірге Түркістан қаласындағы «Конгресс-Холл» мен «Алатау медиа» және «Сапар»  орталықтарын аралап көріп, жұмыстарымен танысты. 

Мұнан соң вице-министр Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік универсиетінің кітапханасын аралап көріп, сонда орналасқан Түркістан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жұмысымен де танысып шықты. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы негізгі бағыттардың бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы.  Аталған бағыт аясында облысымызда биыл 46 іс-шара ұйымдастырылып, оған 6 мыңға жуық адам қатысқан.  Түркістан облысындағы барлық білім беру мекемелерінде жоба туралы жан-жақты түсіндіріліп, сынып, тәрбие және түрлі ашық сабақтар өткізілуде. Сондай-ақ, өңіріміздегі барлық кітапханалар арнайы шығарылған кітаптармен қамтылуда.

 Жалпы жыл басынан бері  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында облыста 821 іс-шара өтіп, 100 мыңға жуық адам қамтылған. Іс-шараларың басым бөлігі онлайн форматында, челлендж, байқау, кездесулер түрінде ұйымдастырылуда.  Жыл бойғы атқарылған жұмыстар туралы вице-министрге Түркістан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Айдар Сейдәзім жан-жақты баяндап берді. Болат Анапияұлы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, кеңсе қызметкерлерімен өзара пікір алмасты.

«Жыл бойы атқарылған жұмыстар аз емес екені байқау қиын емес. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы негізгі бағыттарды жүзеге асыруда Түркістан облысының маңызы ерекше. Алдағы уақытта бұл бағдарлама негізгі 4 бағытта жүзеге асырылмақ. Осы мақсатта бұл жобалар қайта қаралуда. Сондықтан Түркістан облыстық жобалық кеңесінің жұмысын одан әрі жүйелеп, күшейтуіміз қажет», – деді  Болат Анапияұлы.

Мұнан соң вице-министр облысымыздағы бірқатар үкіметтік емес ұйым басшыларымен кездесіп, алда атқарылатын жоба-жоспарлар жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру, жобаларды қаржыландыру, жүйелеу бағытында қола алынғалы отырған жобаларды баяндап берді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...