Ордабасыда COVID-ті анықтайтын зертхана ашылды

Ордабасы аудандық ауруханасында індеттің екінші толқынына дайындық ретінде 100 төсек орындық провизорлық орталық ашылды,-деп хабарлайды Xnews.

Аурухананың ескі ғимаратын толық жөндеуден өткізген ұжым енді коронавирус инфекциясын өздері анықтай алады. Себебі мұнда ковидті анықтайтын зертхана іске қосылды. ПТР сынамасы бойынша анықтайтын зертхана тәулігіне 500-ге жуық тест қабылдауға мүмкіндігі бар. Алдағы уақытта Арыс қаласы мен Бәйдібек аудандарынан сынама қабылдау жоспарлануда. Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша мұндай 12 зертхана жұмыс істеуде.

«Зертхана өз жұмысын бастап кетті. Қазірге дейін 23 анализ тексеріп үлгердік. Барлығы теріс нәтиже көрсетті. Зертханада жұмыс істейтін дәрігер-лаборанттарымыз Алматы мемлекеттк дәрігерлер білімін жетілдіру институтында 1 ай біліктілігін арттырып, әрі қарай Түркістан қалалық емханасында тәжірибе алмасып келді»,- дейді аурухананың бас дәрігері Бақытжан Мырзагелдиев.

Қазіргі таңда емдеу мекемесі жеке оттегі станциясы, 23 өкпені жасанды желдету аппаратымен жасақталған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

ҚХА-ның 30 жылдығы: Түркістан облысында этнос өкілдері арасында «Ақыл-ой» зияткерлік сайысы өтті

Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен этнос өкілдері арасында «Ақыл-ой» зияткерлік ...

Свыше 550 специалистов ПМСП приступили к обучению в рамках года повышения квалификации

В целях повышения качества и доступности медицинской помощи Министерством здравоохранения Республики Казахстан 2025 год объявлен Годом повышения квалификации специалистов первичной ...