ҚР денсаулық сақтау вице-министрі іс-сапармен Түркістан облысына келді

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният іс-сапармен Ордабасы ауданының қазіргі эпидахуалымен танысты. Демалыс күні халықтың жағдайымен танысқан вице-министр елдегі атқарылып жатқан сақтық шараларының маңызын айта келе коронавирусқа қарсы күрес бойынша арнайы ситуациялық штабтың жұмысына көңілі толатындығын жеткізді.

Айта кетейік, Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы емделуші ауруынан 2020 жылдың 7 тамызында толық сауығып шыққан болатын.

Жалпы, Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният бүгін Түркістан қаласындағы эпидомиологиялық ахуалмен де танысады деп жоспарлануда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...