Шымкенттік тұрғынның пациенттер арасында тегін таратуға арналған дәрі-дәрмек ұрлап, сатқаны белгілі болды.
Шымкентте экономикалық тергеу қызметі дәрі ұрлау фактісін әшкерелеп, заңсыз дәрі сатуды тоқтатты, Бұл туралы қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды Xnews.
Дәрі-дәрмекті ешбір рұқсат қағазсыз сатып келген күдіктіден тәркіленген препараттардың арасында пациенттерге тегін берілуі тиіс дәрілер де бар болып шықты.
«Шымкенттік тұрғынның дәрі-дәрмектерді рұқсатсыз сатумен айналысқаны анықталды. Оның қолындағы дәрі-дәрмектің бір бөлігі медициналық мекемелер халыққа тегін таратып беруі тиіс партиядан ұрланғандығы белгілі болды», — делінген хабарламада.
Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұрланған дәрі-дәрмек көлемі мен мөлшері анықталуда.