Шымкенттегі ауруханада бірден 4 адам көз жұмған: Дәрігерлер жауап берді

Шымкент қаласындағы темір жол ауруханасында бір тәулікте 4 адам қайтыс болды. Төртеуі де аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Nur.kz порталына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, емдеу мекемесінде көз жұмған 4 науқастың да қосалқы диабеті, артериялық гипертензия, өкпенің ишемиялық аурулары болған.

«Темір жол ауруханасы базасында ашылған 120 төсек орынға арналған провизорлық госпитальде жедел жәрдем қызметімен жеткізілген науқастарға шұғыл медициналық қызмет көрсетіледі. Эпидемиялогиялық қолайсыз жағдайға байланысты жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілетін науқастардың саны артқан.

Соңғы бір тәуліктің ішінде ауруханаға аса ауыр халде жеткізілген 4 науқас қайтыс болып, стационарға жатқызылған пациенттердің арасында өлім жағдай көрсеткіші 3% құрады«, — деп мәлімдеді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір қайтыс болған науқастардың нақты неден көз жұмғанын зерделеу жөніндегі арнайы комиссия анықтайтын болады.

Жалпы соңғы күндері Шымкент қаласында жедел жәрдем қызметіне жүгінетіндердің саны артқан. Дәрігерлерге күніне 2000-ға дейін қоңырау түседі екен. Науқастардың дені ЖРВИ және пневмония сынды жұқпалы ауруларға шағымданады.

«Қалада инфекциялық аурулар санының артуына байланысты тағы 1420 төсек орын ашылды. Оның ішінде 690 орын инфекциялық, 290 карантиндік, 440 провизорлық төсек орын ашылды. Осының есебінен орын жетіспеушілік проблемасы реттелмек.

Сондай-ақ, 22 ИВЛ және 38 монитор аппараты қосымша орнатылды. Бұған қоса, ағымдағы жылдың 27-ші маусымына дейін 40 ИВЛ аппараты орнатылады деп жоспарлануда«, — деп мәлімдеді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...