Мақтааралдықтардың бүгінгі жай-күйі шымкенттік кәсіпкерлерді де бей-жәй қалдырмады. Жомарт жандар Мырзашөл өңіріне гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Xnews.
Кәсіпкерлер тарапынан 4 мың адамға қажетті киім-кешектер мен гигиеналық заттар жеткізіп берді. Гуманитарлық көмектің ішінде аяқ-қиім мен спорттық киімдер, одан бөлек 200 дана жейде мен 150 дана әйелдерге арналған көйлек және шалбар бар.
«Апаттың айтып келмейтіні белгілі. Сондықтан Мақтаарал ауданына қиын сәтте қол ұшын созып, төтенше жағдай зардаптарын жоюға бүкіл халық болып атсалысу – баршамыздың азаматтық міндетіміз. Көмек көрсету бұнымен тоқтап қалмай, әрі қарай да жалғасатын болады», — дейді Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жандос Қалтаев. Бұдан өзге «Шымкент волонтерлар қауымдастығының» мүшелері зардап шеккен тұрғындарға қажетті заттар мен азық-түліктер, балаларға ойыншықтар мен төсек орындарын жеткізу үшін көмектесуде.