Шымкентте спорт мектептері жұмысын бастайды

Шымкентте спорт мектептері мен спорт секциялары жұмысын қайта бастайды. Спорт объектілері қызмет көрсетуге кіріспес бұрын мына талаптарды қатаң ескеруі керек:

  • кіретін жерде жұмыскерлердің дене температурасын бақылау;
  • температурасы жоғары және инфекциялық ауру белгілері бар адамдардың жұмыс орнында болуына жол бермеу;
  • кіреберісте, холлда, дәліздерде әрбір 50-100 м сайын, лифттерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнату;
  • адамдар жиналуы мүмкін «күту аймағын» болдырмау, олардың арасында кемінде 1-1, 5 метр қашықтықты сақтауды барынша қамтамасыз ету;
  • ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде жобалық қуаттан 50%-ға дейін бір мезгілде жиналатын келушілерге рұқсат етіледі және көрермендерді залдарға қашықтық бойынша белгіленген талаптарды сақтау;
  • аумақты таза ұстау және сақтау, қоқысты уақытында шығаруды қамтамасыз ету, аптасына 1 рет «санитариялық» күн өткізу;
  • санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамды анықтау
  • жұмыскерлер арасында жеке, өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу;
  • қолғаптарды, маскаларды, респираторларды жұмыс күні ішінде уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;
  • әрбір 2 сағат сайын оқу-жаттығу процесі мен сабақтар өткізілетін жұмыс орындары мен үй-жайларды желдету;
  • профилактикалық тексеру жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы;
  • жұмыс орындарында тамақ ішуге тыйым салу, тамақты тек арнайы бөлінген бөлмеде – тамақ ішетін бөлмеде ішу. Тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен оны күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, осы мақсаттар үшін қол жууға арналған раковинасы бар үй-жай бөлуді қарастыру.

Барлық нысандар сағат 10:00-ден 18:00-ге дейінгі жұмыс режимімен жұмыс жасайды.

Талаптар сақталмаған жағдайда, айыппұл салынып, нысан жабылады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...