Карантин кезінде тұрғын үйді жалға алу бағасы көтерілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Карантин кезінде тұрғын үйді жалға алу бағасы көтерілді

2020 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда тұрғын үйді жалға алу бағасы көтерілді. 

Cтатистика комитетінен хабарлағандай, 2020 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату, абаттандырылған және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату бағалары өзгеріссіз қалды.  Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,8% жоғары болды.

Ал бір жылда тұрғын үй нарығында бағаны салыстыратын болсақ, биылғы сәуір айында таза әрленген жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі 297 170 теңгені құрады. Бұл 2019 жылдың сәуірімен салыстырғанда 6,3%-ға қымбат.

Биылғы сәуірде абаттандырылған пәтердің бір шаршы метрінің құны 206 072 теңгеге бағаланды. Бір жылда баға 7%-ға артқан.

Абаттандырылмаған, жер үйдің бір шаршы метрінің бағасы өткен сәуір айында 128 097 теңге болды. 2019 жылдың сәуірімен салыстырғанда 6,5%-ға жоғары.

Көпқабатты үйде пәтерді жалға алу төлемі бір шаршы метрі үшін 1574 теңгені құрады. Баға бір жылда 8,8%-ға өскен.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Барлық сөздікті, соның ішінде орфографиялық сөздікті жаңартатын уақыт келді

Осы жерде тағы бір өзекті мәселеге тоқталып өткен жөн деп санаймын. Бұл – тілдегі бірізділік мәселесі. Өкінішке қарай, қазір қазақ ...

«Бірлік бар жерде тірлік бар», бұл – өмірдің талай сынағынан өткен ақиқат

Біз бір-бірімізге құрмет көрсетіп, өзара сыйластықпен қарап, ынтымағымызды нығайта беруіміз қажет. Тіл – баршамызға ортақ құндылық. Тіл – Алланың құдіретінің ...