Көкшетауда аяусыз өлтірілген ерлі-зайыптылардың өліміне күдікті ұсталды

Көкшетауда тұрғындардың үрейін ұшырған адам өлтіру қылмысының беті ашылды. Ақмола облысының полициясы күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Xnews.

Полицияның мәліметіне сәйкес, күдікті 3 мамырда Көкшетау қаласында ұсталған.

«Тергеу барысында 24 жастағы Щучинск қаласының тумасы 29 сәуір күні түнде Есенберлин көшесіндегі үйдің бірінші қабатындағы пәтерге ұрлыққа түскен. Алайда үй иелері қылмыстың үстінен түсіпті. Қылмыстың ізін жасыру мақсатында күдікті ерлі-зайыптыны өлтіріп, жеке мүлкін ұрлап кеткен», — дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстау барысында одан заттай дәлелдер табылғанын атап өтті. Қазіргі таңда ол уақытша тергеу изоляторына қамалды.

«ҚР қылмыстық кодексінің  99 бабы 2 тармағы («Екі және одан көп адамды өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Көкшетаудағы пәтерден 78 және 84 жастағы ерлі-зайыптының өлі денесі табылған. Олар жауыздықпен өлтірілген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Әділет министрлігі Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірлесіп Атқарушы органдардың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне мобильді қосымша әзірледі

AIS OIP мобильді қосымшасы азаматтарға атқарушылық өндіріс саласындағы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қолданбаны Google Play (Android) және ...

В 2025 году в селах Казахстана реализуют тысячу новых проектов на сумму 176,4 млрд тенге

В этом году в 500 сельских населённых пунктах Казахстана будет реализовано около тысячи проектов в рамках программы «Ауыл – Ел ...