Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 67 жасқа толды (видео)

Қазақстан Президенті 17 мамырда 67 жасқа толды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шетелдік әріптестері толассыз жеделхат жолдап жатыр.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков және Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен телефон арқылы құттықтады.

Қазақстан Президентінің атына ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин, Сербия Президенті Александр Вучич, Украина Президенті Владимир Зеленский, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Армения Президенті Армен Саркисян, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Молдова Президенті Игорь Додон, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, бұдан бөлек Ресейдің Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко,  ТМД атқарушы хатшысы – атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Зась, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреев, ТүркПА бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кирилл және басқалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтаған жеделхаттар толассыз келіп жатыр.

© khabar.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

С космодрома Байконур стартовал грузовой корабль «Прогресс»

С Байконура в 00.32.40 по времени Астаны с площадки №31 запущена ракета «Союз-2.1а» с грузовым транспортным кораблем «Прогресс МС-31». Стыковка ...

Қосымша білім беру саласы цифрландырылып жатыр

Мемлекет, қоғам және отбасы үшін басты міндеттердің бірі — өскелең ұрпақтың білімін, дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып отыр. Бұл ...