Шымкент қаласында 107 отбасыға жаңа баспананың кілті табыс етілді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Instagram әлеуметтік парақшасында жариялады.
– Бүгін Шымкентте ерекше іс-шара өтті. Тұрғын үй кезегінде тұрған 107 азамат пәтер кілтін алды. Олардың барлығы көпбалалы және әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жатқызылғандар.
Карантин кезінде адамдардың жаппай жиналуына тыйым салынғандықтан, баршасына пәтер кілті мен құттықтау хаттарды пошта арқылы жеткізуді жөн деп таптық.
Жыл басынан бері жоғарыда көрсетілген топтағы азаматтарға 692 пәтер пайдалануға берілді. Оның 458-не жаңа иелері қоныстанған. Біздің кезегіміз қашан келеді деген қаншама тұрғын бар.
Бүгiнде тұрғын үй алу кезегіне 39 604 азамат тіркелген. Оның ішінде:
— жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар -1643;
— көпбалалы отбасылар — 5236;
— халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы — 12847;
— мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер -19852 азамат;
— тұрғын үйі апатты деп танылғандар — 26.
Ең алдымен, алғашқы үш топты тұрғын үймен қамтамасыз етеміз. Мемлекеттік және бюджеттік санат бойынша кезекте тұрушылар да өз кезегін асыға күтуде. Сондықтан осы санаттағы азаматтарға да үй бөлу жайын қарастырудамыз, — деп жазба қалдырды қала басшысы.