Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған зейнеткер Алматыдан келгенін жасырған

Олар осыған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«Өкінішке орай, бүгін таңертең Түркістан облысында коронавирус індетінен Жетісай қаласының 1956 жылғы зейнеткер азамат қайтыс болды. Науқас 29 наурызда ауруханаға жатқызылған. Ол пневмония, гипертония, қант диабетімен ауырған. Азамат 15 наурызда Алматы қаласынан келгенін жасырып, үйінде өз бетінше емделген.

Барлық сынамалар алынып, емдік шаралары жүргізілді. Өкінішке қарай, науқастың жағдайы нашарлап бүгін таңертең көз жұмды», — делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, дереккөзі жариялаған мәліметке көзжүгіртсек, жалпы, облыс бойынша бүгінде 23 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Оның ішінде, Жетісай ауданында — 11, Кентау қаласында 2, Арыс қаласы — 1, Ордабасы, Сарыағаш — 1, Мақтаарал — 4, Сайрам ауданында – 2 адамнан вирус анықталды. 1 адамның өлімі тіркелген.

Олар осыған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі кезде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны — 500, 35 адам жазылып шықса, 4 адам көз жұмды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...