Шымкенттіктер азық-түлікті делдалсыз арзан бағада ала алады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азық-түлік пен көкөніс бағаларының тұрғындар үшін  қолжетімді болуын тапсырған болатын. Осы ретте каламыздағы бірқатар жылыжай иелерімен келіссөздер жүргізіліп, базарларда өз өнімдерін делдалсыз төмен бағада сатуы үшін арнайы орындар берілді. Бұл туралы Шымкент қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі хабарлады

Бүгінгі таңда фермерлер «Қазыбек» базарынан арнайы орын алып, жылыжайдан жиналған көкөністерін арзан бағада саудаға шығаруда. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарына азық-түлікті, көкөністерді «Өндірушіден тұтынушыға» принципімен қолжетімді бағада алуға мүмкіндік береді. 

Мәселен, тұрғындар делдалдар арқылы қызанақтың келісін 800 теңгеге алса, қазір 350-500 теңгеден, ал қиярды 500 теңге орнына 150-300 теңгеден сатып алуда.

Шымкентте жалпы жылыжай көлемі 183 гектарды құрайды. Оның 53 гектары – өнеркәсіптік. Қалада жабық жылыжай кешендердің көлемін арттыру мақсатында көліктік логистикалық аймағы жанынан 136 гектар жер қарастырылып, 100 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай кешендер салынбақ.

Сондай-ақ, алдағы уақытта жылыжай өнімдерін қаладағы ірі сауда орындарына да тікелей жеткізіп беру мүмкіндіктері қарастырылуда. Бұл жергілікті өнімнің сатылу құнын төмендетіп, жергілікті халықтың көкөністі делдалсыз қолжетімді арзан бағада алуына мүмкіндік береді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясында сәулет және қала құрылысы басқармасының есебі тыңдалды

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішовтың өкімімен құрылған уақытша депутаттық комиссия отырысы өткізіліп, өңірдегі сәулет және қала құрылысы саласындағы мәселелер ...

В Келесе прошла осенняя акция по посадке деревьев «Посади бесплатный саженец»

В центре Келесского района в селе Абай прошла осенняя акция «Посади бесплатный саженец». В акции приняли участие сотрудники районного акимата, ...