Руслан Жанпейісовке төтенше жағдай мен карантин кезінде қозғалыс үшін жалған құжаттарды жасағаны үшін айып тағылып отыр, деп хабарлайды Xnews
Руслан Жанпейісовке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 328-бабының бірінші бөлігі, яғни атап айтқанда, жалған құжат жасау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, Руслан төтенше жағдай мен карантин кезінде ел ішінде жалған құжатпен емін-еркін жүрген көрінеді делінеді, — деп хабарлады Instagram-да «OCA» автокөлік иелері қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Руслан Лазута.
14 сәуірде Шымкентте Жанпейісов әкімшілік құқық бұзушылық жасады деген айыппен 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Оған қатысты ҚР ӘК-нің 476-бабы (Төтенше жағдайды бұзу) және 478 (Төтенше жағдайдағы тәртіпті бұзуды тудыратын әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.