Қазақстанда Наурыз мерекесіне арналған шаралар мен әскери парад өтпейтін болды

Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне арналған шараларды және әскери парадты өткізбеу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

«Мемлекет басшысы елімізде коронавирустың таралуына жол бермеуге байланысты Наурыз мерекесіне арналған қоғамдық шараларды және елордада Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадты өткізбеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар бұған дейін жоспарланған халықаралық форумдарды кейінге шегеруді тапсырды. Дегенмен шағын және орта бизнес жұмысын жалғастыра беруі тиіс. Қасым-Жомарт Кемелұлы шектеу шаралары олардың жұмысына кедергі келтірмеуі керек екенін атап айтты. Ірі кәсіпорындар да үздіксіз жұмыс істей береді» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Берік Уәли Мемлекет басшысы жағдайды ұдайы бақылап отырғанын жеткізді.

«Бүгін Президент коронавирус пандемиясына қарсы күрес мәселесі жөнінде бірқатар мемлекеттік орган басшыларымен шұғыл кеңес өткізді. Жағдай Мемлекет басшысының ұдайы бақылауында» деп жазды ол.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Әділет министрлігі Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірлесіп Атқарушы органдардың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне мобильді қосымша әзірледі

AIS OIP мобильді қосымшасы азаматтарға атқарушылық өндіріс саласындағы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қолданбаны Google Play (Android) және ...

В 2025 году в селах Казахстана реализуют тысячу новых проектов на сумму 176,4 млрд тенге

В этом году в 500 сельских населённых пунктах Казахстана будет реализовано около тысячи проектов в рамках программы «Ауыл – Ел ...