Қытай карантиндегі қомақты ақшаның көзін жойғалы жатыр

Қытайда коронавируспен күрес аясында ақшаның да көзін жоюды жөн деп шешкен, деп хабарлайды Xnews zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Гуанчжоудағы Қытайдың орталық банкі коронавирус ошағы болған өңірдің ауруханалары, автобустары, базарлары мен елді-мекендерден жиналған ақшаны жоятынын мәлімдеді. Коммерциялық банктерге коронавирус жұқтырған өңірлерген алынған ақшаны бөлек сақтап, оны Орталық банкке өткізу тапсырылды.

Ақшаның бір бөлігі жойылмайды. Олар зарарсыздандырылып, 14 күннен кейін айналымға қайта шығарылады.

Ал жойылатын ақша мөлшері туралы нақты ақпарат әзірге жоқ.

Соңғы мәліметтер бойынша, 73 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған, одан 1900 адам көз жұмды.

Қазақстан өз азаматтарын Қытайдан эвакуациялады. Талдау нәтижелері Қытайдан оралған қазақстандықтарда коронавирус жоқ екенін көрсетті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тарту шаралары туралы

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Іс-шара барысында спикер ...

Шымкент вошел в тройку лидеров в республике по экономическому росту

Экономика города Шымкента стабильно растет в последние годы. Это результат системной работы, направленной на создание благоприятного инвестиционного климата. К примеру, ...