Результаты поиска Все результаты Шымкент әкімі қала халқына есеп берді

Мұрат Дүйсенбекұлы атқарылған жұмыстармен қатар, 2020 жылға жоспарланған тірліктер барысын баяндады. Алдағы үш жылдың даму бағдарламасына сәйкес, басты назар инфрақұрылымға аударылатынын атап өтті. Қалаға қосылғанын елді мекендердегі әлеуметтік мәселелер де енді жүйелі түрде шешімін табады, деп хабарлайды Xnews.

Мұрат Әйтенов атқарылған жұмыстармен қатар, 2020 жылғы жоспарларды баяндады. Алдағы үш жылдың даму бағдарламасына сәйкес, басты назар инфрақұрылымға аударылады. Қалаға қосылған елді мекендерде әлеуметтік мәселелер енді жүйелі түрде шешімін табатын болады.

Мәселен, 2022 жылы Шымкентте көгілдір отын мәселесі толығымен шешіледі. Ал, қала аумағындағы канализация проблемасын шешу мақсатында қуаты 150 мың текше метр тазарту қондырғысының құрылысын алдағы үш жылда кезең-кезеңімен салу жоспарлануда.

Биылғы жылы жергілікті бюджеттен 8 елді мекенді сумен қамтитын 2 магистральды су құбыры тартылады.

Электр қуатын артыру мақсатында 220 кВ Бозарық кіші станциясының құрылысы жүргізілуде. Ол биыл пайдалануға берілмек.

«Сонымен қатар, екі кіші станцияның құрылыстары басталды. Ол да келесі жылы пайдалануға беріледі. Жоспар бойынша биыл 227 көше жөнделеді.Ал көлік кептелісін шешу мақсатында, 13 магистральды жолды қайта құру, 2 үлкен жолайырықтың (Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би — Арғынбеков) және 4 көпірдің құрылысы, Қонаев даңғылының жалғасы, А-2 айналма жолы, №1 автожол, Адырбеков көшесін қайта құру, әл-Фараби көшесінің жалғасын салу көзделген», — делінген әкімдік ақпаратында.

2020 жыл шымкентіктер үшін маңызды жыл болмақ. Биыл Шымкент — ТМД елдерінің мәдени астанасы. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бұл, Шымкенттің халықаралық аренада танылуына алғашқы қадам екенін атап өтті. Шымкент қаласының ЮНЕСКО-мен бекітілген 2200 жылдық мерейтойына, әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абайдың 175 жылдық мерейтойларына, Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай мерекелік іс-шаралар өтетіні мәлім етілді.

Есепті кездесуге тұрғындар көптеп жиналды. Әкімге тұрғындар сауал жолдап, нақты жауап алды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...