Президент: Қазақстан – Орталық Азияда маңызға ие мемлекеттердің бірі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азиядағы қазіргі жағдай» тақырыбындағы пікірталасқа қатысты,- деп хабарлайды Xnews baq.kz-ке сілтеме жасап.

Әлемдік қауымдастықтың Орталық Азияға деген назары артып келеді. Ал соңғы 11 айдың көлімендегі саяси өзгерістерден соң олардың Қазақстанға деген қызығушылығын да байқауға болады. 

«Менің мақсатым – экономиканың өсімі» деген Мемлекет басшысы елде жаңа реформалар кезеңінің басталғанын мәлімдеді. Ал модератордың «Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту мүмкін бе?» деген сұрағына «әлбетте» деп жауап берді Президент. 

Азаматтық қоғамды дамыту үшін жаңа жобалар әзірленіп жатыр. Көптеген бастама қолға алынды. Мысалы, бейбіт митинг пен саяси партияларды тіркеуге қатысты жаңа заң жобалары әзірленіп жатыр. Мен мемлекетімде президенттіктің жақсы институты қалыптасады деген ойдамын. Сонымен бірге Парламенттің де күші арта түсетініне сенемін. Оған қоса ашық әрі есеп беретін үкімет қалыптастыруға да тырысамыз, — деді Қазақстан Президенті. 

Президент Қазақстанның сыртқы саясаты үлкен күштер арасында тепе-теңдік ұстауға негізделгенін тәлге тиек етті.

Жақында ғана АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға келді. Бұл да Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланыстың нығая түскенін білдіреді. Экономикалық серіктестікке келер болсақ, Қазақстанда АҚШ-тың бірнеше үлкен компаниялары жұмыс істейді. Бұл мемлекеттің Қазақстан үшін маңызы зор. Серіктестігіміздің одан әрі дами түсуіне үлкен мүмкіндіктер бар деп ойлаймын, — деп  атап айтты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Үкімет ішкі нарықты тауарлармен қамтамасыз ету, бәсекелестікті реттеу және қорғау есебінен инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар кешенін жалғастырады

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет Ұлттық банкпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ішкі нарықты тауарлармен қамтамасыз ...

Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін үйлестірілген шаралар қабылдап жатыр

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәлсихатында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров валюта нарығындағы ахуал мен оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық ...