Затобол кентінің атауы Тобыл деп өзгертіліп, қала мәртебесі берілді

Қостанай облысындағы Затобол ауылының атауы Тобыл деп өзгертіліп, аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылды, — деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап,

Бұл қаулыға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін: Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын. Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген сайтта.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістандық жазушы мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды ...

Кітапханашы — мәртебелі мамандық

Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ. Ал кітап оқитын ұлттың руханияты да, мәдениеті мен әдебиеті де берік болары сөзсіз,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат ...