"6 Underground" фильмінен скриншот

Түркістан әкімі «6 Underground» фильміне наразы болып, АҚШ режиссеріне үндеу жариялады

Танымал режиссерге қазақтармен бірге түркімен халқы да ренжіп отыр.

2006 жылы шығып, Қазақстанды әлемге жаман мемлекет етіп көрсеткен «Борат» фильмін ұмыта бастағанымыз сол еді, қазақстандықтардың ашуын туғызатын тағы бір кино шықты, деп жазады  ZTB.kz мен Stan.kz.

Netflix платформасында америкалық режиссер Майкл Бэйдің «6 Underground» (орысшаға «Шестеро вне закона» деп аударылған) фильмі пайда болыпты. Онда «Тургистан» деген ойдан шығарылған мемлекет көрсетіледі.

Фильмнің сюжетіне келсек, бір ірі мемлекетте Ровач Алимов деген диктатор тұрады. Ол диктатор химиялық қару мен әскери авиация көмегімен өз халқын қырып тастауға тырысады. Әне-міне жер бетінен құрып кетейін деп тұрған шарасыз тургистандықтарға АҚШ-тың миллиардері көмекке келеді. Миллиардер рөлін танымал актер Райан Рейнольдс ойнайды.

Шенеунік «Түргістан» мен Түркістан атауларының өте ұқсас болуы күдік туғызады дейді. Бұл жағдай Қазақстанға келетін туристерге керіс әсерін тигізуі мүмкін деп алаңдайды. Оған қоса ол режиссерді Түркістан қаласына қонаққа шақырды, түсірілім жұмыстарына барынша көмектесеуге уәде берді.

«Бұл жазбаны Түркістан мэрінің атынан жазып отырмын. Сіздің соңғы «6 Underground» фильміңізге алғысымды білдіргім келеді. Бұл туындыда «Түргістан» мемлекеті басты назарда болған көрінеді. Мемлекеттің атауы біздің қаламыздың атына өте ұқсас екен. Қазақстанда Түркістан деп аталған қала шын мәнінде бар. Фильмді көрген халық біздің қаламыз жайлы теріс пікір қалыптастыратыны анық. Сонымен қатар бұл фильм біздің мемлекетімізде жаппай талқылануда. Айтқым келгені, Түркістан қаласы «Түргістан» мемлекетінен едәуір ерекшеленеді. Біздің қаламыз республикамыздың рухани астанасы болып табылады», — деп жазды Рашид Аюпов

Оның үндеуін басқа да бірқатар танымал тұлғалар қостапты. Олардың қатарында блогерлер мен мәдениет қайраткерлері бар көрінеді. Майкл Бэй өз көзімен Түркістан қаласының сұлулығын тамашалау үшін мемлекетке шақырылды.

Бұның үстіне әлеуметтік желі қолданушылары #түргістанемес хэштегін жаппай таратуда. Олар осылайша режиссердің назарын қалаға аударып, оны қонаққа қорқынышты «Түргістанға» емес, әсем Түркістанға шақырылып жатқандығы көрсеткілері келіпті. 

Америкалықтар бұл хатқа әзірге жауап берген жоқ.

Айта кетсек, танымал режиссерге қазақтармен бірге түркімен халқы да ренжіп отыр. Түркіменстан билігі «Тургистан» деген атау түркімен мемлекетін меңзеп отыр деп ойлайды. Өйткені фильмдегі Тургистанның мемлекеттік рәміздері түркімендікіне ұқсас, сосын диктатордың есімі де Ровач. Ровач деген шын өмірде Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедовтың сүйікті сәйгүлігі. Кезектегі жаңа генералдың аты «Ниязов» (Сапармурат Ниязов өмірден өткен президент). Фильмдегі мемлекеттің валютасы да сондай – манат деп аталады екен.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...