© shymkent.gov.kz

Шымкент қаласының әкімі құрылыс нысандарының сапасын тексерді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әкімшілік іскерлік орталығы мен «Шымкент Сити» шағынауданында салынып жатқан әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аралау барысында қала басшысы құрылыстың сапасы мен қасбетіне баса назар аударуды жеткізді.

shymkent.gov.kz

Сондай-ақ, әкім жаңа тұрғын үй секторлары толығымен инженерлік-коммуникация инфрақұрылымы жүйесімен қамтуды, қауіпсіздік шараларын күшейтуді, қалада салынып жатқан құрылыс нысандарын қоршау керегін баса айтты.

Сонымен қатар, Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыс нысандарында жұмыс істеп жатқан барлық автокөліктер жуылып, үшінші мегаполистің тазалығын сақтауға қатаң тапсырма берді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...