© aqorda.kz

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын тойлау ресми түрде басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың ұлы ойшылы, ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты шараға қатысты деп хабарлайды Xnews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

aqorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде жыл бойына өтетін мерекелік шараларды ресми түрде бастап берді. 

«Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты мерекелік концерт «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтті.

Концерт бағдарламасына Абайдың барлық музыкалық мұрасы енген. Ақын шығармаларын КСРО және Қазақстанның халық әртістері Асанәлі Әшімов, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, белгілі мәдениет қайраткерлері Майра Мұхамедқызы, Айман Мұсақожаева, Берік Айтжанов, сондай-ақ, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары мен талантты жастар орындады.

aqorda.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Исі қазақтың дауылпаз жыршы, дәуслескер күйші һәм дарағай әншілері Шымкент төрінде ұлттың асыл мұрасын әспеттеді

Қазақтың дәстүрлі өнері – ұлттың рухани күретамыры. Ол — тарихи жадымызды аман сақтап келе жатқан қастерлі құндылық. Ән мен күй ...

Шымкентте «Асыл мұра» өнер фестивалі өтті

Қазақтың рухы – күй мен жырда, әуез бен сазда. Бабалар аманатын арқалаған қара домбыраның үні естілсе, жүрек тебіреніп, елдің жан ...