Иран генералы қазасынан кейін мұнай қымбаттады

АҚШ соққысының салдарынан қайтыс болған ирандық генерал Касим Сулейменидің өліменен кейін мұнай бағасы 2% қымбаттады, — деп хабарлайды Xnews тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Багдадтағы әуежайдан шығып келе жатқан көлік коллонасына соққы жасалғанда ирандық генерал Касим Сулеймани қаза тапқан болатын. Сулеймани Иранның шетелдегі әскери операцияларын ұйымдастыруға жауапты Эль-Кудс әскери бөлімшесін басқарды.

Сауда деректеріне қарағанда, Brent маркалы мұнайға наурыздық фьючерстің бағасы барреліне 2,76% – 68,09 долларға дейін, WTI маркалы мұнайға ақпандық фьючерстің бағасы барреліне – 2,75%, 62,86 долларға дейін өсті.

Айта кетсек, 3 қаңтарға қараған түні Ирак астанасы Бағдаттағы халықаралық әуежай маңында бірнеше жарылыс болды. АҚШ билігі жарылыс болған жердегі Иранмен байланысы бар екі нысанның соққысына қатысы бар екенін хабарлады. АҚШ қарулы күштері Ирактағы Иран генералының өлімінен кейін әскерін толық дайындап қойды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Жасыл даму» АҚ 3%-бен және 15 жылға дейінгі мерзіммен, төлемдерді екі жылға дейін кешіктірумен қоқыс өңдеу зауыттарын салуға қаржыландыру береді. ...

Промежуточные итоги запуска таможенной информационной системы «Keden»

Комитет государственных доходов МФ РК продолжает поэтапное внедрение информационной системы «Keden», направленной на цифровизацию и оптимизацию таможенных процедур. Система призвана ...