Қазақстандықтар 2020 жылы қанша күн демалады

Қазақстандықтарды 2020 жылы көп демалыс күтіп тұр. Тек жаңа жылдық мерекеге орай ел тұрғындары төрт күн қатарынан демалады деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

2020 жыл қазақстандықтарға 23 демалыс күн сыйламақ.

Тек жаңа жылдық мерекенің өзінде ел тұрғындары 1 қаңтардан 4 қаңтарға дейін демала алады. Бірақ, оларға жексенбі күнге түсетін 5 қаңтар күні жұмысқа шығуға тура келеді.

Артынша 6 қаңтар күні де жұмыс істеп, 7 қаңтарда кезекті демалысқа шығады.

Ақпан айында тұрғындар демалыссыз жұмыс істейді. Бірақ, наурыз айында қосымша 7 күн демалыс алады.

Елдегі дата ауысуына байланысты 8 және 9 наурыз демалыс болып есептеледі. Дәл осы күндері нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауға болады.

Одан соң қазақстандықтарды Наурыз мерекесі күтіп тұр. Ол бес күн бойы, 21 наурыздан 25 наурызға дейін тойланады.

Артынша қазақстандықтарды мамыр айындағы демалыстар күтеді. Олардың ішінде 1 мамырда болатын Бірлік күні, 7 мамырда тойланатын Отан қорғаушылар күні бар.

Жеңіс күнін 8 және 9 мамыр күні тойлауға болады.

Ал шілде айында қазақстандықтарды Елорда күнін арналған бір демалыс күні ғана күтеді. Ол дәстүрлі түрде 6 шілде күні тойланады.

Содан кейін ел тұрғындарын тамыз айының соңында екі мерекелі күн күтеді. 30 және 31 тамыз күндері қазақстандықтар Ата заң күнін тойлау үшін демалыс ала алады.

2020 жылдың соңғы айында республика тұрғындары 1 желтоқсан Тұңғыш президент күніне, 16 желтоқсаннан бастап 19 желтоқсанға дейін Тәуелсіздік мерекесіне демалады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агроөнеркәсіп кешенін кешенді жаңғыртудың жаңа кезеңін таныстырып, саланы қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция тарту ...