Түркістандағы «Күлтөбе қалашығы» әлемдік музейлерден кем түспейтін болады

– Қойнауы қазынаға бай, тауы мен тасы тарихтан сыр шертетін киелі Түркістан өңірінде жүзеге асып жатқан ауқымды жобаның бірі — «Күлтөбе қалашығы». 2019-2021 жылдарға жоспарланған бұл жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «ERG Көмек» корпоративтік қоры мен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының арасындағы меморандумы арқылы жүзеге асуда. Сондай-ақ, «Күлтөбе қалашығы» Түркістан облысының 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму жоспарымен де қабысады. Мәдениет институты баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қазіргі күні жобаның алғашқы кезеңдегі дала маусымы аяқталған. «Күлтөбе қалашығы» археологиялық паркі әйгілі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңындағы «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығының аумағында орналасқан. Қазірдің өзінде мұнда туристер, қала қонақтары сонымен қатар, ежелгі өркениет тарихына қызығатын ізденушілер, мамандар қысқа маршрут арқылы сол дәуірге саяхат жасап, археологтар мен сарапшылардың қызықты әңгімесін тыңдай алады.
Жобаның ғылыми жетекшісі PhD докторы, қауымдастырылған профессор Андрей Хазбулатовтың айтуынша, бұл жобаның басты ерекшелігі Күлтөбе-Ясы қалашығының сақталу сатысы мен корреляция деңгейін тұтастай Түркістан шұратының рухани, діни маңыздылығымен бірге қарастырумен байланысты. Бұл қалашықтың жайғасу кеңістігін археологиялық, мәдени зерттеулер төңірегіне жіті мән беруге жетелейді.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...