Отырарлық диқандар «Алтын күз» мерекесін тойлады

– Түркістан облысы Отырар ауданында «Алтын күз-2019» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік шараға қатысқан аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов ауыл шаруашылық техникалары мен асыл тұқымды ірі қара және ұсақ малдар қойылған көрмені тамашалап, мереке аясында ұйымдастырылған жәрмеңкені аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жергілікті өнімдерге басымдық берген жәрмеңкеде көпшілікпен бірге аудан басшысы да сауда жасап, жергілікті бақша өнімдерін сатып алды. Онда қойылған ауыл шаруашылық және бақша өнімдерінің бағасы өзге сауда орындарынан 15-20 пайыз төмен болғандықтан, тұтынушылардың қарасы көп болды. Шаруалар мен диқандарға мерекелік ізгі тілегін жеткізген аудан әкімі диқандар мен шаруалардың орасан зор еңбегін ерекше атап өтті. «Еліміз егемендігін алғаннан кейін мемлекет басшысы мен үкіметтің арқасында мемлекетіміздің ауыл шарушылығы саласы өсіп, өркендеп, дамып келеді. Ол үшін көптеген мемлекеттік бағдарламалар жасалып, осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл орайда ауданымыздың шаруалары егін және мал басын көбейту ісін ғылыммен ұштастыра отырып, бірқатар табыстарға қол жеткізді. Соның нәтижесінде ауданымызда мал басы өсіп, егістік жер көлемі ұлғайып, өнім алу көрсеткіші еселенді», -деді Әбдіғали Жүнісов.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

2024 жылы Түркістан облысындағы шағын өнеркәсіптік паркте 8 зауыт пен кәсіпорын ашылды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен өңірдің индустриалды әлеуетін дамыту үшін «Turkistan» корпорациясымен облыстың 100 га аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» ...

2024 жылдың 11 айында Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 4,3 трлн теңгеге жетті

2024 жылы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында негізгі салалар бойынша оң өсімге қол жеткізілді. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік ...