Архив меток: Хабар 24

Коронавирустан сауыққан адамдар қайта ауырып қалып жатыр

Қытайда дәрігерлер коронавирустан сауығып, ауруханадан шығарылған науқастарда коронавирустың қайта пайда болып жатқанын анықтады, деп хабарлайды Xnews «Хабар-24» телеарнасына сілтеме жасап. Бұл жағдайдың коронавирустық инфекцияның қайталануы немесе қайтадан жұқтыру екені, әзірге белгісіз. Коронавирусты емдеу жөніндегі медициналық топтың жетекшісі, профессор Чжао Цзяньпиннің айтуынша, вирус денеден толық жойылмауы немесе антителдер жеткіліксіз шығарылуы мүмкін. Ол осыған байланысты ауруханадан шығарылған науқастардың тағы 14 күндік қосымша карантинге алынуы керек екенін ...

Читать далее »

Коронавирус жұқтыру жөнінен күдікке ілінген 41 адам тексеріліп жатыр

Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Еліміздегі оқшауланған блоктарда бас-аяғы 66 адам болған. Барлығынан қызу көтерілу және тұмау белгілері анықталды. Бірақ тыңғылықты тексеріс нәтижесінде оның 25-сі ауруханалардан шығарылған. Күдікке іліккен науқастардың сынамалары Алматыдағы қауіпті инфекциялар ғылыми орталығына жіберіледі. Ол жерде коронавирустың жаңа штаммын диагностикалауға арналған әдістеме бар. Үкіметтің қорынан қосымша 1 жарым миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржы қауіпті ...

Читать далее »

Ел ішіне жалған ақпарат таратқандар жазасыз қалмайды

Жалған ақпарат таратқан адам жазасыз қалмайды. Өйткені әрбір ресми расталмаған ақпарат, елді дүрліктіріп, қоғамға кері әсер тигізуі мүмкін деп хабарлайды Xnews «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының тұрғыны Айгүл Мұсақанова өткен жылы әлеуметтік желі арқылы «Күршімнің жері қытайға сатылды» деп жұртты шулатқан еді. Аз уақыт өтпей бұл әйел таратқан хабарламасының еш дәлелсіз екенін ұғынып,қайтадан желі ...

Читать далее »

Қызылорда облысындағы сақ дәуірінің қорымы құрылыс алаңдарының астында қалды

Жаңақорған ауданындағы «МАИ бекеті» деп аталған ықшам аудан маңында біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдыққа жататын 18 обаның бар екені осыдан 45 жыл бұрын ғарыштық түсірілімдер негізінде анықталған, деп хабарлайды Xnews «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Археологиялық қазба барысында алтын бұйымдар табылған тарихи орынның өз деңгейінде қорғалмауына жергілікті жанашыр тұрғындар алаңдаушылық білдіріп отыр. Еліміздің бірнеше аймағынан «алтын адам» табылды. Жаңақорған кентінің ...

Читать далее »

Ақтауда қандаланы улау кезінде алты жасар бала қайтыс болды

Айыпталушы жазасын қауіпсіздігі барынша төмен түзеу мекемесінде өтейтін болды. Осыдан бір жыл бұрын уытты заттан уланған үш сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, 6 жастағы бала жансақтау бөлімінде көз жұмған еді. Қалғанын дәрігерлер тексерген соң үйіне жіберді. Қайғылы оқиғаға төменгі қабатта тұратын көрші әйелдің өз пәтеріне жәндіктерге қарсы дәрі себуі себеп болған. Ол базардан сатып алған «Квикфос» препаратын бөлмелерге шашып, сыртқа ...

Читать далее »

Шымкентте коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті

Қытайдың Ухань қаласынан шыққан коронавирус дертінің алдын алу үшін Шымкенттегі әуежай толығымен бақылауға алынды деп хабарлайды Xnews «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Шаһар аумағына коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау және төтенше жағдайлар департаменттері, сондай-ақ санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге жауапты өзге де ұйымдармен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді. Іс-шара кезінде анықтау, тасымалдау, тексеру және ...

Читать далее »

Жамбыл облысында малға қасқыр шабуына байланысты арнайы топ құрылды

Жамбыл облысы Қызыләуіт ауылындағы малына қасқыр шапқан шаруаның шығыны өтелмеуі мүмкін, деп хабарлайды Xnews «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, өтемақы тек түліктен жұқпалы індет анықталса немесе сақтандырылған жағдайда ғана берілетін көрінеді. Еске сала кетейік, кеше Талас ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде малға қасқыр шауып, 200 бастан астам қой мен ешкісін қырып кеткендігі жөнінде хабарлаған болатынбыз. Салдарынан шаруа қыруар шығынға ...

Читать далее »

Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандыққа қатысты үкім шықты

Кореяда сот 7 жасар баланы көлікпен қағып кеткен қазақстандық азаматқа үкім шығарды, — деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Сот оны екі жарым жылға бас бостандығынан айырды. Баланың ата-анасы сотталушыға кешірім жасаған жоқ. Олардың айтуынша, ем-домға 60 миллионнан астам вон жұмсаған, бұл шамамен 50 мың доллар. Сондай-ақ баласына күтім жасау үшін әкесі мен анасы жұмысын тастауға мәжбүр ...

Читать далее »

Қызылорда облысында 256 келі тағам өнімі сатылымнан алынды

Қызылорда облысында талапқа сай емес 256 келі азық-түлік сауда сөрелерінен алынды, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. Тағам өнімдері арасында ең көп сәйкессіздік ет, сүт және кондитерлік өнімдердің үлесінде. Сараптамаға алынған 91 алкогольсіз энергетикалық сусындардың 7-еуі талапқа сай болмай шықты. Олардың таңбалануы дұрыс емес. Сондай-ақ құрамында кофеин мен құрғақ қоспалар нормадан көп болған. Тауарлардың сапасына мониторинг жүргізу шеңберінде өткен жылы сауда ...

Читать далее »

Сенат депутаттары Шымкенттегі ұстаздармен кездесу өткізді

Сенат депутаттары Парламент қабылдаған заңдарды түсіндіру аясында аймақтарға сапарын жалғастыруда, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. Шымкентке арнайы ат басын бұрған халық қалаулылары қаладағы ұстаздармен кездесу өткізді. Басқосу барысында Қазақстан Президентінің халыққа арнаған Жолдауында айқындаған міндет-мақсаттар мен «Педагог мәртебесі туралы» заңның ерекшеліктері талқыланды. Ұстаз мәртебесін жоғарылатқан құжатта негізгі көтеріліп отырған мәселе – олар тек оқушыға білім мен тәрбие беру қажет. «Түрлі ...

Читать далее »

«Қолданылу мерзімі — 10-15 жыл». 200 теңгелік монеталар айналымға шығады

Қазақстан Ұлттық банкі биыл номиналы 200 теңгелік монетаны айналымға шығарады, деп хабарлады «Хабар 24«. Ұлттық банктің маңызды міндеттерінің бірі қолма-қол ақша айналысында жүрген қолма-қол ақшаның сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл банкнотты эстетикалық тұрғыдан қабылдау, оның санитарлық қауіпсіздігі және қорғалу мәселесі. «Төмен номиналдағы банкноттар 1-1,5 жыл ішінде тозады. Салыстыру үшін, жоғары номиналдағы банкноттар және монеталардың қолданылу мерзімі көбірек. Монеталардың қолданылу ...

Читать далее »

1 қаңтардан бастап көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамай төленетін мемлекеттік жәрдемақы енгізілді, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі өкілдерінің айтуынша, жәрдемақы отбасының бала санына қарай беріледі. Айта кетейік, ведомство атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы жүйесін жетілдіру мақсатында жаңа заң жобасын әзірлеген. Келер жылдан бастап күшіне енетін заң жобасына бірнеше шарттар қосылды. Солардың бірі ...

Читать далее »

«Волонтер жылы» студенттердің шәкіртақысы 25% өседі

Келер жылы студенттердің шәкіртақысы 25 процентке өседі, деп хабарлайды «Хабар 24» Жастар жылын қорытындылаған жиында Мемлекет басшысы осылай деді. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі буын өкілдерін қолжетімді баспанамен қамтуға пәрмен берді. Енді Үкімет жастар саясаты туралы кешенді бағдарлама әзірлеп, заң жүзінде бекітетін болады. Кешен іші қым-қуыт. Адамдар сапырылысып жатыр. Әне-міне дегенше Президент те келеді. Жауаптылардың жанталасып жатқаны сондықтан. Белсенді жастар ...

Читать далее »

Оңтүстік Кореяда «Шырайлы Шымкент» дәмханасы ашылды

Дәмхананы корей жігітіне күйеуге тиген қазақстандық келіншек ашты, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл атауды оған кәсіпкерлік нысанның иесі, Қазақстан азаматы берген. Владислав Цой, тілші: – «Шырайлы Шымкент» дәмханасы Ёнсанда орналасқан, егер корей тілінде жазу көп демесеңіз, құдды бір Қазақстандағы үшінші мегаполисте жүргендей сезінесіз. Ёнсан да Шымкент секілді мемлекеттің оңтүстігінде орналасқан, ауа райы да ұқсайды, қазір сынап бағанасы +20 градусты көрсетіп ...

Читать далее »