Шымкент

ТҮРКІСТАНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҮГІРУДЕН МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Түркістан қаласында Turkistan Marathon 2022 марафоны өтті. Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау барысында өткізілген жарысқа еліміздің түкпір-түкпірі мен алыс-жақын шетелден келген 2 мыңнан астам спорт жанкүйерлері қатысып, бақтарын сынады. Эстафеталық сайыс «Almaty Marathon» ұйымдастырушыларымен Түркістан қаласында тұңғыш рет өткізілді. Марафон – әлем бойынша жылдам дамып келе жатқан спорттық туризмнің бір түрі. Қатысушылар үшін марафонға қа­тысу тек хобби ...

Читать далее »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазығұрт ауданы халқының табысын арттыру мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл басынан бері 7 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ауданнын экономикалық белсенді халық санына қарай 551 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, 829-і ашылды. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасын табатын болады. Бұл туралы аудан тұрғындарының алдында ...

Читать далее »

ТӨЛЕБИДЕ ЖАҢА КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Төлеби ауданында «КазахБитум» ЖШС-нің мұнай өнімдерін өңдеу зауытындағы үздіксіз полимерді модификациялау цехы ашылды. Киелітас ауылдық округі аумағында орналасқан зауыт жылына 200 мың тоннадан астам өнім өндіруге қауқарлы. Жоба құны – 550 млн. теңге. Цехта жол жөндеу жұмыстарына қолданылатын ерекше қоспа өндіріледі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы жұмыс сапарымен Төлеби ауданында болып, жаңа өндіріс орнының ашылу рәсіміне қатысты. – Ел ...

Читать далее »

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ БОЙЫНША 5,5 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСА АЙЫППҰЛ ӨНДІРІЛДІ

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Б.Ибадуллаев айтты. – Жыл басынан бері басқармаға Еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 830 азаматтан шағым түсіп, олардың барлығына заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді. Осы арыздардың негізінде мекемелер мен кәсіпорындарда 208 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, 252 заң бұзушылық анықталды. Оның 215-і заңға сәйкестендірілді. Ал қалғандарының орындау мерзімдері бар. Анықталған бұзушылықтардың негізінде ...

Читать далее »

ШАРДАРАДА «ЖАСТАР» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

ШАРДАРАДА «ЖАСТАР» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ Қазақстанның Экологиялық қорының бастамасымен Түркістан облысы, Шардара қаласындағы Майлықожа көшесінің бойынан «Жастар» аллеясының ашылу салтанаты өтті. Республика күніне орай 100-ден астам ағаш отырғызылып, ескерткіш орнатылды. Аталған шара «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөнiндегi шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» гранттық жобасы аясында ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлiгi мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ықпалымен ұйымдастырылып отыр. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА «ЖАСЫЛ ЧЕЛЛЕНДЖ» ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысының мектептерінде «Green challenge» ағаш отырғызу республикалық шарасы өтті. Қазақстанның экологиялық қоры мұрындық болған экошара Түркістан қаласының Мырзахан Пошанов атындағы №21 мектебінде және Кентау қаласының Ы.Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды. Республика күні мерекесіне орай өткен шараға өңірдің әкімшілік қызметкерлері мен білім басқармасының өкілдері, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшылығы мен қызметкерлері, Қазақстанның экологиялық қорының мүшелері, мектеп ұжымы мен ...

Читать далее »

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ ТОЛЫҚ ИГЕРІЛМЕЙІНШЕ ТОҚТАТЫЛМАЙДЫ

«7-20-25» бағдарламасына түскен өтінімдер сомасы қалған ақшадан асып кетті. Бұл туралы Ұлттық банктің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов арнайы брифингте айтты. «Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасының тағдырын қалай шешпекші. Бөлінген қаражат аяқталғанша жалғаса ма, әлде жаңа жылдан кейін тоқтатыла ма?», — деп сұрады журналист. Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, қазірдің өзінде бұл бағдарлама бойынша түскен өтінімдердің сомасы қалған қаражаттан көп. «Бұған дейін де мәлімдегеніміздей, ...

Читать далее »

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫ 500 ОРЫНДЫҚТЫ МЕКТЕП ПЕН 250 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚШАҒА ТОЛЫҚТЫ

Республика күніне орай Түркістан қаласында 500 орындық мектеп пен 250 орынға арналған мектеп-балабақша пайдалануға берілді. Соңғы үлгідегі заманауи жабдықтармен қамтылған Айтұлы Тілеу батыр атындағы дарын мектебінде оқушылардың сапалы білім алуына бар жағдай жасалған. Әлеуметтік маңыздағы ғимараттардың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Израильдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Эдвин Натан Ябо Глусман құттықтау сөз сөйлеп, мектеп ...

Читать далее »

ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА ӘКІМДІК ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Жабағылы ауылында ұлттық мереке – Республика күніне орай жаңа әкімдік ғимараты пайдалануға берілді. Айтулы шараға аудан әкімі Нұрлан Байғұт арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттарымен құттықтады. Үш мыңнан астам тұрғыны бар Жабағылы ауылдық округіне үш елді мекен қарайды. Сонау егемендік алған жылы әкімдік құрылымдары құрыла бастаған шақта округ әкімдігі ескі үйдің ғимаратында орналасқан болатын. Сол ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН МЕН САМАРҚАНД АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Самарқанд қаласының әкімі Фазлиддин Умаров Түркістаннан келген өкілдерді арнайы қабылдап, қала әкімі Нұрбол Тұрашбековке қала күніне орай жолдаған құттықтауы үшін шынайы ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, алдағы уақытта екі елдің көне шаһарларының іскерлік байланысын нығайтуға ниеттестігін жеткізді. Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы бас консулы Қанат Қасенов, Түркістан қаласы Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Талғат Қыдырбаев екі қаланың ортақ мүмкіндіктері туралы айтып, туризм ...

Читать далее »

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Түркістан облысында тағы бір мектеп ашылды. Ордабасы ауданындағы Шұбарсу елді мекенінде «Өмірхан Қозыбақ» атындағы бастауыш мектебінің ашылу рәсімі өтті. 280 орындық білім ошағы жеке кәсіпкердің өз қаражаты есебінен салынған. Келер жылы жаңа мектепте жоғары сынып оқушыларына арналған ғимаратпен қатар жазғы спорттық алаңы мен жоғары сынып оқушыларының зерттеу жұмыстарына арналған жылыжай салу жоспарлануда. Республика күні қарсыңында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН — ЖҮРЕГІМНІҢ ТӨРІНДЕСІҢ

Түркістанда Республика және Қала күні мерекелеріне орай жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары арасында қалалық ән байқауы өтті. «Түркістан – жүрегімнің төріндесің» тақырыбындағы сайысқа 2-11 сынып аралығындағы 20 оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Балалардың терең білім алуымен қатар, өнерге бейімдеу, бойларындағы талантты танып, ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауда оқушылар «Түркістан», «Отан», «Туған жер» жайлы патриоттық әндер орындады. Байқау нәтижесінде М.Мәметова ...

Читать далее »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «VOICE OF TURAN» ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Түркістан төрінде Түркістан облысы әкімдігінің және облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Ұлттық мереке – Республика күніне орай 19-20 қазан күндері халықаралық «Voice of turan» қазақ әндері байқауы өтті. Екі күні бойы әлем елдерінен келген қатысушылар қазақ әндерін шырқап, өз өнерлерін ортаға салды. Ашылу салтанатына ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, сонымен қатар еліміздің танымал ...

Читать далее »

ТҮЛКІБАСТЫҚ ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛДЫ

Түлкібас ауданындағы Майлыкент ауылдық округіне қарасты «Күншуақ» мөлтек ауданында заманауи ойын алаңшасы қолданысқа берілді. Бұл жаңа алаңша асыр сала ойнаған балдырғандардың тілегі. «Балалар жылы» аясында ашылған алаңша олардың бос уақытын тиімді өткізуге және спортты дамытуға зор мүмкіндік береді. Мұнда балалардың қауіпсіздігі үшін ойын алаңшаларының едендеріне резеңке жабынды төселген. Орындықтар мен қоқыс құтылары да орнатылған. Айта кетерлігі, Түлкібас аудан әкімі Нұрлан ...

Читать далее »

САУРАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Сауран ауданында 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесіне орай, «Спорт — денсаулық кепілі» атты марафон ұйымдастырылды. Сайыс ауылдық округ тұрғындары арасында 3 шақырым қашықтыққа жүгіруден өтті. Марафонға ауданнан 800-ге тарта азамат қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті. Сауран ауданында алғаш рет ұйымдастырылып жатқан шараға аудан әкімі Ғани Рысбеков қатысып, жарысқа қатысушыларды келе жатқан Республика күнімен құттықтады. Марафонда өзгелерден озық келгендер марапатталып, ...

Читать далее »

ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖАРАП ТҰР!

Қыркүйек айында бокстан Арыс қаласында өткен Бейсен Онтаевты еске алуға арналған Халықаралық турнирде түркістандық өрендер олжалы оралған. 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы сайыста Нұрасыл Мырзан мен Мұхамедәлі Пазылхан чемпион атанса, Нұрасыл Даниярұлы 2-ШІ орынды иеленді. Бапкерлері — Марат Сәрсенбаев, Ағабек Алтыбаев. Сонымен қатар, Сайрам ауданында бокстан өткен Ақсу жекпе-жек спорт клубының ашық біріншілігіне қатысқан Түркістан қалалық №1 БЖСМ-нің спортшылары оза ...

Читать далее »

С.АХМЕТЖАНОВ ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Түркістан өңірінің бизнес өкілдерімен кездесті. Кездесуде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов кәсіпкерлердің құқығын қорғау және қолдау, оның дамуына қолайлы жағдай жасау мәселелері қаралатынын мәлім етті. Басқосудың басты мақсаты — кәсіпкерліктің проблемалық мәселелері мен өзара іс — қимылдың жаңа форматын талқылау. Диалог алаңында облыстық ...

Читать далее »

ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ІІ-КЕЗЕҢІ ЖОСПАРЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Биыл Түркістан облысының құ­рыл­ғанына 4 жыл толды. Осынау қыс­қа уақыт ішінде киелі шаһар көр­кейіп, көрсе көз тоятындай үлкен қа­­лаға айналды. Түркістан сыртқы келбетімен ғана сұлуланып жатқан жоқ. Өңірдің әлеуметтік-экономика­лық дамуы жақсарып, барлық са­лада өсім байқалады. Бүгінде қаланы дамытудың ІІ кезеңі жүріп жатыр Түркістан қаласы туризм, мәдениет, медицина, білім мен ғылым, спорттық іс-шаралар жиі ұйымдастырылатын ор­та­лыққа айналып келеді. Мұнда тұрғындар­дың, жастардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «ҚОҚЫССЫЗ ТАБИҒАТ» ЭКОАКЦИЯСЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысы жариялаған «Қоқыссыз табиғат» жалпыұлттық акциясы және 25 қазан — Республика күніне орай Түркістан облысында экологиялық сенбілік өтті. Акцияның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға, тазалықты сақтауға шақыру. Маңызды мемлекеттік мереке қарсаңында өңірдегі мыңдаған азамат қолдарына қажетті құрал-саймандарын ұстап сенбілікке шықты. Тазалық шарасына облыстағы аудан, қалалар мен ауыл округтеріндегі мекеме ұжымдары, белсенді жастар мен ...

Читать далее »

Т. ДҮЙСЕНОВА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ЖӘНЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Түркістан облысына жұмыс сапары барысында әлеуметтік қызметкерлермен және еңбек ардагерлерімен кездесу өткізді. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысты. Сапар барысында министр ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту туралы айтып берді. Тамара Дүйсенова өз сөзінде бүгінгі таңда 116 мемлекеттік интернат-үйлермен қатар 174 ҮЕҰ және жеке ...

Читать далее »