Білім

Келесте биыл 600 орындық жайлы мектеп пен спорт нысаны пайдалануға беріледі

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапары барысында Абай ауылында бой көтеріп жатқан спорт нысанының құрылыс алаңында болды. Онда жүргізіліп жатқан жұмыс барысын бақылап, мердігермен кездесті. – Әр аудан, қаладағы ғимараттардың құрылыс сапасы қатаң бақылауда тұр. Спорт нысаны жоспардағыдай салынып жатыр. Осы қарқында жалғастырыңыздар. Бұл нысанда жастар спортпен шұғылданады. Дені сау ұрпақ – болашаққа салынған басты капитал, – ...

Читать далее »

Д,Сатыбалды Кореяда білім алып жатқан жастармен кездесті

Түркістан облысынан барған делегация мүшелері білім және ғылым салаларында ынтымақтастық орнату үшін Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындарының бірі Woosong университетінің Солбридж халықаралық мектебінде болды. Дархан Сатыбалды оқу ордасының студенттік қалашығында болып, сонда білім алып жатқан қазақстандық жастармен жүздесті. Жоғары оқу орны өндіріске негізделген техникалық мамандар дайындайды. – Оңтүстік Корея мемлекетіне іссапарымыз аясында еліміздің көптеген жастары осы оқу орнында білім алып ...

Читать далее »

Түркістандық ғалымдар телескоп жасап шығарды

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң ғалымдары «STEM және креативтілік» оқу-зертханасында 3D-принтерлер мен өзге де жабдықтардың көмегімен телескоп жасап шығарды. Зерттеу тобы құрамында жоба жетекшісі Физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Шерзод Раманкулов, PhD Бақытжан Құрбанбеков, магистр оқытушылар Серік Полатұлы, Нұрқожа Жақсылық, докторант Қажымұқан Келесбаев, магистрант Яхё Каримжанов сынды жас ғалымдар бар. Ғалымдар телескопты студенттермен бірге тексеруден өткізіп, нәтижесінде айдың анық кескіні ...

Читать далее »

Түркістандық оқушылар Республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

Түркістандық оқушылар Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысты. Жалпы сайыс 9-11 сынып оқушыларына арналған. Білім додасында Түркістан облысының 4 оқушысы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, Шардара ауданындағы М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Ернұр Қыдыр ІІ орынға, Түркістан қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Азамат Тастыбай ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, ...

Читать далее »

Қазығұртта 300 орындық мектеп ашылды (видео)

Алғыс айту күні қарсаңында Қазығұрт ауданы Сарапхана ауылдық округінде А.Байтұрсынов атындағы 300 орындық мектеп ашылды. Жаңа оқу орнының ашылу салтанатына БАҚ өкілдері арнайы баспасөз турымен барды. Аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың сөзінше, мектептің құрылысы республикалық бюджет есебінен 2021-2024 жылдар аралығында жүрген. Қазіргі таңда мектепте 261 оқушы екі ауысымда білім алады. «Бүгінгі ашылып отырған мектеп толық заман талабына сай жабдықталған. Оқу ордасында ...

Читать далее »

Келесте «Жайлы мектеп» жобасымен 5 мектеп салынады

Келес ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары 5 мектеп салу жоспарланса, былтыр 3 мектептің құрылыс жұмыстары басталды. Абай ауылы мен Ғани Мұратбаев елді мекенінде 600 орындық, ал Біртілекте 300 орындық мектептің құрылысы биыл аяқталады деп жоспарлануда. Бұл жөнінде Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев брифингте баяндады. — Ауданда білім саласында 63 мемлекеттік және 3 жекеменшік мектеп бар. Қашықтықтан қатынайтын ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Жаңа 2024 жылмен құттықтады

Қадірлі Отандастар! Бәріміз бір ел болып Жаңа жылды қарсы алып отырмыз. Баршамыз ескі жылды ой елегінен өткіземіз, алдағы жылға жоспар жасап, жаңа мақсат қоямыз. Біз осы сәтте бір-бірімізге ақ тілегімізді арнаймыз, сый-құрмет көрсетеміз. Қасиетті Отанымыздың берекелі бірлігі жұртымыздың осындай тату тірлігінен басталады. 2023 жыл Қазақстан үшін табысы мен тауқыметі қатар келген жыл болды. Өмірде қуаныш пен қиындықтың алма-кезек болуы – ...

Читать далее »

Түркістан облысында үш жылда 100-ге жуық мектеп салынады

Демографиялық өсімі жоғары Түркістан облысында мектеп тапшылығын жою бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы білім сапасын көтеру мемлекеттің басым мақсаты екенін аттап өтті. Сондай-ақ балаларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және орта құру міндетін қойды. Түркістан өңірінде демографиялық өсім жоғары. Осыған байланысты ...

Читать далее »

Созақта 900 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтеріп жатқан Ы.Алтынсарин атындағы 900 орынға арналған мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Одан бөлек, заманауи үлгідегі 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылысын аралап, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Өндірістік кестеге сәйкес жұмысты жүйелі түрде жүргізіп, сапасына мән беру керектігін айтты. Сонымен қатар, «Жасыл белдеу» аймағындағы тал көшеттерінің жай-күйін бақылап, тиісті мамандарға ...

Читать далее »

Түркістанда университет ашу алғышарттары талқыланды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Түркістанға арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан-Неміс университетінің (die Deutsch-Kasachische Universität) президенті, профессор ғылым докторы Вольрад Роммельпен кездесті. Онда Түркістанда аталған университетті ашу ұсынысы мен алғышарттары талқыланды. — Қасиетті Түркістан қаласына қош келдіңіз! Қазақстан мен Германия арасындағы білім саласы бойынша бітімгершілік пен серіктестің нәтижесінде қол жеткізген жетістіктермен таныспыз. Оның ішінде Қазақстан-Неміс университетінің құрылуы – білім ...

Читать далее »

Түркістандық мұғалімдер Жапониядан тәжірибе жинап келді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, 28 қазан мен 3 қараша күндері аралығында түркістандық 15 білім саласының қызметкері Жапония еліне іссапармен барды. Олар күншығыс еліндегі білім саласының артықшылықтарын көзбен көріп, тәжірибе алмасып қайтты. Аталған семинар Жапонияның Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат институтының қолдауымен ұйымдастырылған. Бұл жайында брифингте облыстық білім беруді дамыту орталығының басшысы Бақытжан Төлембет баяндады. — ...

Читать далее »

Түркістан облысының ұстаздары Жапонияның білім беру жүйесін меңгеруде

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім сапасын күшейтуде озық тәжірибелерді сараптап енгізу мен облыста салынатын «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасына мазмұн тұрғысынан дайындығын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы ретте Түркістан облысының делегациясы Жапония еліне іссапармен барды. І кезеңдегі іссапарда облыстың 15 қызметкері жұмыс жүргізуде. Оқыту семинары жапон білім беру сарапшыларының шебер сыныптарына қатысып, мектептеріне барып сабақты зерттеуді бақылау ...

Читать далее »

Түркістанда «Ұстазыма мың алғыс» мерекелік іс-шарасында облыс ұстаздарына құрмет көрсетілді

Бүгін Түркістанда ұстаздар құрметіне арналған салтанатты жиын өтті. Оған облыстың үздік деп танылған 300-ге жуық педагогы қатысты. Шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, мұғалімдерді төл мерекелерімен құттықтады. – Сіздерді Ұстаздар күнімен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы білім саласын дамытуды тапсырды. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Ұстаздардың айлық жалақысы тұрақты түрде өсуде. Ауылдық жерлердегі кадр тапшылығын жою мақсатында облыста ...

Читать далее »

Түркістанда қала әкімі ұстаздарға құрмет көрсетті

Түркістанда ұстаздар күні атап өтілді. Ұстаздық қызметте жүрген қала тұрғындарына құрмет көрсетіліп, арнайы мерекелік шара ұйымдастырылды. Оқушылар сарайында өткен жиынға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова мен ардагер ұстаз Жарқынбек Құлбайымбетов қатысты. Мерекелік шара шаһар басшысының мерекелік жылы лебізімен басталды. – Бауыржан Момышұлы айтқан ұлы қызмет иелеріне қай уақытта құрмет көрсетсек ...

Читать далее »

Жетісайда 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді

Жетісай ауданында Түркістан облысының 5 жылдығы аясында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Заман талабына сай салынған жаңа типтік үлгідегі білім ордасының салтанатты ашылуына келген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мен Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы ауыл тұрғындарын, ұстаздар мен оқушыларды айтулы қуаныштарымен құттықтады. Жаңа мектепте физика-информатика және мультимедиялық-лингафондық кабинеттер, спорт залы, зертхана кабинеттері мен тігін шеберханасы, асханасы бар. Мектеп оқушыларының ...

Читать далее »

Келесте «Жайлы мектеп» жобасы арқылы мектептердің құрылысы басталды

Келес ауданында «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 5 мектеп салынады. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовтың ауданға жасаған сапарында баяндалды. Ол ауданды аралау барысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында құрылысы жүріп жатқан мектептерге барды. Аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев басқарма төрағасына мектептердің құрылысына қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Сапар барысында алдымен Ақтөбе ауылдық округінің Ғани Мұратбаев елді мекеніндегі 600 орындық ...

Читать далее »

Түркістанда «тәрбиелі жастар — қауіпсіз қоғам» форумы өтті

Жастардың қоғамдағы орны қаншалықты маңызды екенін, қандай жауапкершілік жүктейтінін, қауіпсіз қоғам құрудың маңызын ұқтыруды көздеген басқосуды Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков ашып берді. Сондай-ақ облыс орталығында 14 пен 35 жас аралығындағы жастар 70 256 екенін, бұл қала тұрғындарының шамамен үштен бір бөлігін құрайтынын жеткізді. Қаламыздың рухани астанаға айналуында жастарға жүктелер міндет салмақты екенін тілге тиек еткен шаһар басшысы, еңбек пен ...

Читать далее »

Креативті идеялар байқауына қатысыңыз!

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының бастамасымен «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі еліміздің дарынды, креативті, көздеген мақсатына қол жеткізе алатын талантты азаматтарды анықтау мақсатында «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ» атты идеялар байқауын өткізеді! Байқаудың мақсаты — креативті идеялары бар облыс азаматтарын қолдау, жобаларды іске асыру үшін тиісті сала өкілдеріне жолдау. «Рухани жаңғыру-ұлттың ұлы мұраты» атты идеялар ...

Читать далее »

Түркістанда республикалық тамыз кеңесі жаңа форматта өтті

Бүгін Түркістан облысы білім саласы қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» (Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие) тақырыбында жаңа форматта республикалық тамыз кеңесі өтті. Дәстүрлі жиында білім беру ұйымдарының атқарылған жұмыстарға талдау жасалынып, жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды. Пленарлық отырысқа Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, педагогтарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Түркістан облысында білім саласында жеткен жетістіктермен бөлісті. Сондай-ақ ...

Читать далее »

Түркістан: баспана мәселесін шешудің тиімді жолы табылды

Түркістан облысындағы барлық аудандарда жаңа жобадағы қолжетімді тұрғын үйлер салына бастайды. Баспана мәселесін шешу үшін жүзеге асатын бастама жайлы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданы тұрғындарымен есепті кездесуде мәлімдеді. Жылдар бойы баспана тауқыметін тартқан аудан тұрғынының сұрағына жауап берген облыс әкімі баспана мәселесін шешудің тиімді жолын түсіндіріп берді. Бұл бастама Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде жүзеге аса бастаған. Жеке ...

Читать далее »