Ел жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасын мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басшысы Ахметжан Есімов Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Xnews Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан ерекше үлесі мен рөлін атап өтті. – Бүгін тарихи күн – Елбасымыздың 80 жылдығы. Ол – қазақ ...

Читать далее »

Қазақстандағы қатаң карантин. Бас санитар дәрігердің қаулысы жарияланды

Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы жаңа қаулысы шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаулы 2020 жылы 5 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиарейстердің бағыттары мен жиілігін көбейтпей, өңірлер арасындағы авиақатынастарды сақтауды қамтамасыз етсін.   2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ...

Читать далее »

Министрлік Covid-19 және пневмониямен ауыратындарға тегін дәрі-дәрмек таратуды тапсырды

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің әкімдіктеріне ауырып жатқан науқастарға тегін антибиотиктер мен қызуды түсіретін дәрілер жеткізу туралы тапсырма берді Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты. Оның сөзінше, ведомство емханалардың бас дәрігерлерімен жиналыс өткізген. Отырыс кезінде медициналық мекемелер қазақстандық науқастарға тегін дәрі-дәрмек бере алады деген шешім қабылданған. Бұл жіті вирустық инфекция мен ...

Читать далее »

5 шілдеден бастап Семей мен Өскемен жабылады

ШҚО қалалары мен аудандарында адам мен көлік қозғалысы шектеледі. Семей мен Өскемен қалалары 5 шілдеден бастап жабылады, деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, деп хабарлайды Xnews. «Мемлекеттік комиссия елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті. Өз тарапымнан, Шығыс Қазақстанда 1700 инфекциялық, 2500 провизорлық және карантиндік төсектер, сондай-ақ қарқынды терапия палаталары дайын екендігін айтқым келеді.⠀Өңірде жедел медициналық көмек қызметі көрсетілмейтін елді ...

Читать далее »

Елордада Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш ашылды (видео)

Нұр-Сұлтанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа монумент қойылды, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн режимде Ұлттық қорғаныс университетіндегі Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты. Президент өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі Қазақстанның негізін қалағанын, егемен еліміздің стратегиялық даму жолын айқындап, халқымызды ортақ мақсатқа жұмылдырғанын атап өтті. «Тұрақтылық пен татулық, береке мен бірлік – Елбасының сарабдал саясатының ...

Читать далее »

Елімізде бір айда пневмониядан 600-ден аса адам көз жұмған

Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Қазақстанда маусым айында 628 адам пневмониядан көз жұмғанын мәлім етті Оның айтуынша, 2019 жылдың жарты жылы мен 2020 жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша, пневмониядан қайтыс болғандардың саны аса көбейген жоқ. «2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында өлім-жітімнің — 1780, ал 2020 жылдың алғашқы жарты жылының қорытындысы бойынша — 1772 жағдайы ...

Читать далее »

ҚМДБ Құрбан айтқа байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы карантин жағдайында Құрбан айтты атап өту тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Xnews. Бұл сауалға басқарма төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында жауап қатты. Оның сөзінше, екі апталық карантин шаралары ұзартылса, мешіттерде айт намазы оқылмайды. Биыл Құрбан айт 31 шілдеге, яғни жұма күнге түсіп тұр. «Естеріңізде болса, өткен Ораза айт кезінде Қазақстан ...

Читать далее »

Коронавирустан емделіп шыққан Елбасы елге үндеу жасады

Біз өткеріп жатқан күрделі кезең – бүкіл адамзаттың басына түскен сын-сынақ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі жарияланды, деп хабарлайды Xnews. Қымбатты отандастар! Қадірлі достар! Өздеріңіз білетіндей, коронавирус инфекциясының қатерлі пандемиясы әлемнің көптеген елдерін, соның ішінде Қазақстанды да шарпыды. Миллиондаған адам осы ауыр дертпен сырқаттанды, ол мені де айналып өткен жоқ. Бірқатар шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының, көрнекті ...

Читать далее »

Қалада ұшып жүрген тікұшақтар қазақстандықтарды шошытты (видео)

Ауада белгісіз зат шашқан тікұшақтар қазақстандықтардың зәресін ұшырды. Куәгерлер кадрларды видеоға түсіріп, желіге жүктеген, деп хабарлайды Xnews. Кадрлардан тікұшақтың белгісіз зат сепкенін байқауға болады. Алдын ала болжам бойынша, олар Шымкент және Маңғыстау облысында ұшқан деп мәлімдейді «Астана» телеарнасы. Қатты үрейленген қазақстандықтардың бір бөлігі тікұшақтар өсімдіктерге дезинсекция (жәндіктердер өңдеу) жасады десе, енді бірі бұл дезинфекция (микробтардан өңдеу) болуы мүмкін деп болжады. ...

Читать далее »

Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан жазылып шықты

Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан айықты, — деп хабарлайды Xnews. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында жазды. «Жақсы жаңалығым бар. Бүгін Елбасының коронавирусты анықтауға тапсырған сараптамасы теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің кеңесі бойынша Нұрсұлтан Назарбаев оқшауланды, қашықтан жұмыс істеп жатыр және оған таза ауада серуендеу кеңес етілді», — деп жазды Айдос Үкібай. У меня хорошие новости. Сегодняшний тест Елбасы на ...

Читать далее »

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге 6 млрд. теңге өтемақы төленді

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге 6 млрд 261 млн теңге өтемақы төленді. Бұл туралы Арыс оқиғасының бір жылдығына орай өткен баспасөз мәжілісінде Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек айтты, деп хабарлайды Xnews. 2019 жылдың 24 маусымы күні таңертең  №44859 әскери бөлімінде оқ-дәрі салдарынан жарылыс болғаны белгілі. Осы орайда қала басшысы оқиға орнына ел президенті Тоқаевтың келгенін атап өтті, мемлекет басшысы тарапынан берілген ...

Читать далее »

Сарыағашта 9 азық-түлік дүңгіршегі жанып кетті

Өрт бүгін таңертең Түркістан облысына қарасты Сарыағаш қаласында болған. ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 04: 40-та Сарыағаштағы «Рамадан» су каналының бойында жалпы алаңы 250 шаршы метрді құрайтын 9 азық-түлік дүкені өртеніп кетті. Өрт салдарынан жақын маңда тұрған GAZelle маркалы автокөлік толықтай жанып кетті. Өрт сағат 06: 25-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Жедел әрекет ету ...

Читать далее »

«Сізбен серіктес болуға дайынбыз»: Дональд Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады

АҚШ Президенті Қазақстанда қолға алынған реформаларды қолдайтынын айтып, екі ел арасындағы стратегиялық байланысты одан әрі дамыта беруге ниетті екенін жеткізген. АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына кіріскеніне бір жыл толуына орай құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімет таратты. «Америка халқының атынан алдағы уақытта Қазақстандағы бейбітшілікті, өсіп-өркендеу ...

Читать далее »

Тоқаев: ТЖ режимі тоқтаған соң біз босаңсып кеттік

Қазақстан президенті «Біз біргеміз» онлайн форумындағы бейнеүндеуінде қазақстандықтар ТЖ режимі тоқтаған соң босаңсып кеткенін айтты. Оның сөзінше, әлдекімдер, тіпті, аурудың жоқтығы жайлы қауесетке сене бастаған, деп хабарлайды Xnews. «ТЖ режимін тоқтатқан соң біз босаңсып кеттік. Мұны мойындау керек. Кейбір азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлер нағыз қауіпті сәт артта қалды деп ойлады. Қауіп-қатерді жеткілікті түрде бағаламады, медициналық ережелерді сақтамады. Ал кейбір азаматтар ...

Читать далее »

Түркістан қаласының әкімі де коронавирус жұқтырды

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтан коронавирус анықталған. Бұл туралы қала басшысы желідегі парақшасында мәлім етті. Осыдан бірнеше күн бұрын денсаулығы сыр берген Рашид Аюпов дәрігерлер көмегіне жүгініп, коронавирусқа тест тапсырған. Қала әкімінің сөзінше, ПТР анализі оң нәтиже көрсетіп, COVID-19 инфекциясын жұқтырғанын растаған. «Жұмыс барысымен күнделікті адам саны көп жерлерде болуға мәжбүрміз. Қанша сақтық шараларын орындасақ та, бұл індет шет айналып ...

Читать далее »

«Жаныңызда болуға дайынмын». Қай елдің президенттері Елбасына жеделхат жолдады?

Кеше Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны хабарланған.  Бұл ақпарат шыққаннан кейін басқа елдің президенттері жеделхат жолдай бастады. Tengrinews.kz тілшісі мемлекет басшыларының COVID-19 жұқтырған Назарбаевқа жіберген жеделхаттары туралы баяндайды. «Ол рухы мықты адам» Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды деген хабар тараған соң ең алғаш болып Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірген. Қазақстан президенті Елбасының рухты адам екенін, сол үшін бұл вирусты ...

Читать далее »

Испытания казахстанской вакцины против коронавируса на людях планируют начать в сентябре

С 15 мая учёные проводят доклинические испытания кандидатной инактивированной вакцины против Covid-19. Кандидатную инактивированную вакцину против Covid-19 планируют исследовать на людях в сентябре, сообщил министр образования и науки РК Асхат Аймагамбетов на заседании Правительства. По его словам, с 15 мая учёные проводят доклинические испытания кандидатной инактивированной вакцины против коронавируса. «На трёх платформах сейчас разрабатывают пять вакцин против коронавирусной инфекции. Первая ...

Читать далее »

Қазақстанда тәулігіне Сovid-19 жұқтырғандар бойынша жаңа антирекорд

Бір тәулікте 474 науқаста расталса, коронавирус дертінің белгілері жоқ 778 тасушы анықталды Өсім қарқыны 3 пайызыды құрады, деп хабарлайды Xnews. Оның ішінде:Шығыс Қазақстан облысында — 35 (11,7%)Солтүстік Қазақстан облысында — 12 (9,0%),Ақмола облысында — 20 (8,3%),Түркістан облысында — 32 (6,6%),Жамбыл облысында — 29 (5,5%),Ақтөбе облысында — 27 (4,8%),Қостанай облысында — 11 (4,5%),Қарағанды облысында — 57 (3,4%),Нұр — Сұлтан қаласында — ...

Читать далее »

Қауіпті вирус жұқтырған Назарбаевтың қазіргі жағдайы белгілі болды

Қазақстанның Тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус инфекциясын жұқтыруына қатысты пікір білдірді. Ол Елбасының қазіргі жағдайы туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі «Nur.kz» порталына сілтеме жасап. «Ай басынан бері Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесі аса тығыз болды. Елбасы бірқатар екіжақты келіссөздер жүргізіп, ресми өкілдерді қабылдады. Оған қоса, Тұңғыш президент отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. ...

Читать далее »

Вице-премьер Ералы Тоғжановтан коронавирус анықталды

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғажановтан да коронавирус инфекциясы анықталды. Вице-премьер өз-өзін оқшаулау режиміне көшкен, деп хабарлайды Xnews. «Құрметті қазақстандықтар! Менің де оқшаулануыма тура келді. Инфекциядан қанша сақтанғаныммен болмады. Менен ауру белгісі жоқ коронавирус инфекция анықталды.Тезірек айығу үшін дәрігерлердің айтқанын істеп, жұмысқа ораламын. Азаматтардан сақтық шарасын — маска тағып, антисептик қолданып, қолды жиі жуып, гигиенаны сақтауды өтініп сұраймын. Аман-сау болыңыздар! «, — деді ...

Читать далее »