Елімізде коронавирус таралуы жайлы онлайн карта жасалды

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«Құрметті достар! Қазір азаматтарды коронавирусқа қатысты жедел әрі сенімді мәліметтермен ақпараттандыру — ең маңызды мәселе. Кей уақытта қоғамды ақпараттандыру мен қарым-қатынастың жеткілікті дәрежеде тиімді болмай жатқанын мойындау керек. Түрлі ақпарат құралдары, әсіресе мессенджерлер арқылы жалған ақпараттың таралуы көптеген қиындықтар туындатуда. Осы орайда coronavirus2020.kz сайтының іске қосылғанын хабарлаймын. Бұл ресурста төтенше жағдай бойынша, карантин кезіндегі тәртіп пен мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары жөнінде, сондай-ақ, желіде тараған жалған мәліметтерді теріске шығару және басқа да барлық өзекті ақпараттар жинақталады», — деп жазды министр Facebook парақшасында.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

2025 жылдың соңына дейін 130-дан аса гидротехникалық нысан көпфакторлы тексерістен өтеді

Су ресурстары және ирригация министрлігі 134 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізіп жатыр. Жалпы алғанда 2028 жылдың соңына дейін 557 нысанда ...

Токаев поздравил казахстанцев с Днем Победы

Уважаемые соотечественники! От всей души поздравляю вас с 80-летием Великой Победы! Этот знаменательный юбилей каждый казахстанец празднует с особым чувством ...