WhatsApp-та коронавирусқа байланысты жаңа функция пайда болды

WhatsApp мессенджері қарапайым қолданушылар үшін бейнеқоңырау қатысушыларының санын арттырды, — деп хабарлайды iXBT.com.

Мессенджердің жаңартылған нұсқасын iPhone қолданушылары App Store-дан, ал Android смартфондары WhatsApp сайтынан жазып ала алады. 

Жаңа функцияның арқасында енді мессенджерде топтық аудио және бейнеқоңырауға бұрынғыдай төрт емес, сегіз адам қосуға болады. Ол үшін барлық қатысушы WhatsApp-тың соңғы нұсқасын жүктеп алуы керек. Мессенджерді жасағандар мұндай қоңыраулардың қорғалғанын айтады. 

Әзірлеушілер топтық әңгімелесуді кеңейту қажеттілігін коронавирус пандемиясымен байланыстырды.

«Пандемияның салдарынан көпшілігіміз достарымыз бен туыстарымыздан алыстап кеттік. Осыған байланысты бүкіл әлемде WhatsApp-та дыбыстық және бейнеқоңыраулар жиі қолданыла бастады», — делінген компанияның блогында.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

В Мьянме число жертв землетрясения превысило 1,7 тысячи человек

Сообщается о 3,4 тыс. пострадавших, сотни числятся в списках пропавших без вести Число погибших в результате землетрясений магнитудой 7,7 и ...

Мужской хоккей: Казахстан завоевал золотую медаль Азиатских игр-2025

Казахстанские хоккеисты завоевали золотую медаль Азиатских игр-2025 в Харбине (Китай). В финальном матче наши хоккеисты сыграли против Японии. Казахстан одержал ...