Түркістан қаласының тазалық акциясына ақсақалдар бастаған мыңға жуық тұрғын қатысты

Түркістан қаласының тұрғындары республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене атсалысып келеді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Kезекті рет облыс орталығында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Оған қаланың жанашыр тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтар қатысты.

Сенбілік іс-шарасы барысында қала аумағындағы 11 көшеде тазалық жұмыстары жүргізілді. Жолдардың бойы мен арық-атыздар қоқыстан тазаланып, шөптер орылып, ағаштар ретке келтірілді. Бұл жұмыстарға 800-ден астам адам қатысып, 22 техника жұмылдырылды.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Қазыбек би көшесінің, Кентау және Қызылорда тас жолы бойын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Жаңа қала аумағында пайда болған қоқыс алаңдарының тазалануын да қадағалады.

Тазалық жұмыстарына ақсақалдар алқасы мен билер қауымдастығы да өз үлесін қосты. Ардагер ақсақалдар Т.Баялиев көшесінде тазалық жұмыстарын жүргізіп, көпке үлгі көрсетті. Облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов рухани астанада «Таза Қазақстан» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, аға буынның бұл игі істен алдағы уақытта да тыс қалмайтынын атап өтті.

x

Check Also

В Туркестане введена в эксплуатацию первая школа на 2000 мест в рамках проекта «Комфортная школа»

В Туркестане в преддверии 25 октября – Дня Республики открылась первая комфортабельная школа на 2000 мест. На церемонии открытия современной ...

Түркістанда «Жайлы мектеп» жобасы аясындағы алғашқы 2000 орындық мектеп пайдалануға берілді

Түркістан қаласында 25 қазан – Республика күні қарсаңында 2000 орынға есептелген алғашқы жайлы мектеп ашылды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ...