Шымкентте отаның тың тәсілі инсульттың алдын алды

Шымкентте МӘМС шеңберінде ми қан тамырларына ота жасаудың тың тәсілі 38 жастағы ер азаматта инсульттың алдын алды. Күрделі отаны №2 қалалық аурухананың білікті нейрохирург дәрігері Еркін Медетов жасады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Науқасты көптен бері бас ауруы, құрысу мазалап келген. Медициналық тексеру барысында ми қан тамырларының мальформациясы анықталған. Инсульт алуға шақ қалған азаматты аман алып қалу үшін жедел әрекет ету қажет болады.

«Артериовенозды мальформацияны» емдеуде ашық немесе тамырдың ішімен ота жасауға болады. Дәрігерлер бұл жолы қан айналымын бітеген тамырларды эмбализация жасап, тіліксіз отаның тың әдісін қолданды. Құны 6 млн. 200 мың теңгені құрайтын күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен тегін жасалған. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы және таяу күндері ауруханадан шығарылады. Алдағы уақытта дәрігерлердің кеңесін тұрақты орындап, бақылауда болуы тиіс.

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша биыл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 1500-ге жуық жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсету жоспарланған. Ауруханаларда ми қан тамырларының күрделі бұзылыстарында, жүрек ауруларын емдеуде және бүйрек, бауыр трансплантациясы мен басқа да ауруларда қымбат бағалы күрделі ота түрлері жасалуда.

x

Check Also

Аудит қорытындысы: Мемлекеттік қаражатты бақылау күшейтілді

2024 жылдың қорытындысы бойынша Департамент тарапынан 113 аудиторлық іс-шара жүргізілді, оның ішінде 29-ы жоспарлы, 84-і жоспардан тыс аудиттік тексерулер. Аудит ...

Шымкентте «Жомарт жан» орталығы игі іске ұйытқы болды

Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жомарт жан»орталығы ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсететін «ЖИТС-тен (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромынан)балаларды қорғау» ...