Қазақстанда игі істер марафоны басталды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-мен бірлесіп, «Игі істер марафоны» жобасының басталғанын хабарлайды. Бұл бірегей жоба барлық қазақстандықтардың волонтерлік, қайырымдылық іспен айналысуына ықпал етеді.

Жоба аясында күнтізбедегі маңызды күндерге, халықаралық және түрлі әлеуметтік және мәдени тақырыптарға арналған «Жақсылық апталығы» мен жыл сайынғы тақырыптық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Тақырыптар атауы жыл сайын өзгеріп отырады, бұл әлеуметтік жауапкершіліктің түрлі салаларына қызығушылықты арттыра отырып, өзекті мәселелердің алуан түрлілігі мен кең ауқымын қамтиды. «Игі істер марафонының» осы аптасы экологияға арналады. Жобаға қатысу үшін жасаған игі іс туралы әлеуметтік желілерде ақпарат жариялап, Qazvolunteer.kz онлайн платформасында тіркеуден өту қажет.

Жобаға қатысу үшін толық ақпарат пен нұсқаулықты Qazvolunteer.kz сайтынан алуға болады және әлеуметтік желідегі @kz_nvs және @qazvolunteer.kz парақшаларынан таба аласыздар.

x

Check Also

Түркістан: Тұрғын үй кезегіндегі өзгерістер

2025 жылдың 24 мамырынан бастап мемлекеттік тұрғын үй кезегін реттеу құзыреті «Отбасы банк АҚ» компаниясына берілді. Енді тұрғын үй кезегін ...

Глава государства назвал Китай добрым соседом и проверенным временем надежным стратегическим партнером Казахстана

По его словам, отношения между нашими странами носят устойчиво стабильный характер и не подвержены негативному влиянию геополитических вызовов и потрясений, ...