Халық қалаулысы медициналық мекеме қызметкерлерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «АМАNАТ»партиясы фракциясының мүшесі, Исабеков Данабек Ержанұлы Шымкент қалалық «Жүрек орталығы» медициналық мекемесінің ұжымымен кездесті.

Мекеменің тыныс-тіршілігімен танысып, соңғы жылдары жеткен жетістіктері мен материалдық -техникалық жағдайымен, заманауый медициналық қондырғылардың жұмыс істеу тәсілімен танысты.

Кездесу барысында Данабек Ержанұлы медициналық мекеме қызметкелерін жақында аталып өткен кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Парламент қабырғасында атқарылған жұмыстары туралы, жалпы депутаттардың қарауына 179 — заң жобасының келіп түскендігі, оның 102-сі бойынша заң қабылданғаны және бірнеше заңдардың маңызды тұстарына арнайы тоқталып, түсіндіріп, ақпарат берді.

Кездесуге қатысқан мекеме бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Гүлмира Шекербекқызы, елімізде екі жылдан бері енгізілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мекемемізге оң нәтижелі әсерін тигізді деді. Мекеменің материалдық жағдайы жақсарды, заманауый медициналық құрал-жабдықтармен қамтылғанын, мекемеде жасалатын отаның 90 пайызы (бір ортаның құны 1 800 мың теңгені құрайды) осы МӘМС арқылы қаржыландырылғанын жеткізді.

Сонымен қатар қызметкерлердің тұрғын үй кезегіне тұра алмайтын шектеулері (Республикалық бағыныстағы, акционерліқ қоғам т.с.с) алып тасталынса, Елімізде алаяқтарға қарсы заң талаптары күшейтілсе, онлайн несие беруге тиым салынып, әр азамат банкке өзі барып қолма — қол несие рәсімдейтін жағдайға көшірілсе деген ұсыныстар айтылды.

Кездесуге қатысқан Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Абибуллаұлы Асылбеков кездесуге арнайы келген Данабек Ержанұлына алғысын білдіре келе, қаламыздың көлемі, халқының өсуіне байланысты қалада көпсалалы аурухана салу, ауруханадағы төсек орындарды көбейту, реабилитация орындарын ашу, жедел жәрдем мәселелері бойынша туындап отырған мәселелерге тоқталып, оны шешу жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстар мен ұсыныстарға тоқталды.

Кездесуге Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, партия фракциясының мүшесі, «АМАNАТ» партиясы Тұран аудандық филиалының төрағасы А.С.Зейнетаев, «АМАNАТ» партиясы Тұран аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Б.Қ.Әліпов, Шымкент қаласы, Тұран ауданы әкімінің орынбасары А.Д.Жанаевтар қатысты.