А.Оралбаев: Кірістің артуы халықтың тұрмыс сапасын жақсарта түседі

Бүгін аудан әкімінің төрағалығымен жергілікті кіріс көздерін арттыру бойынша жиын өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сала мамандарының қатысуымен өткен жиында:
— Жаңадан құрылған, пайдалануға берілген және мемлекеттік қабылдаудан өткен құрылыс нысандарын мүліктік меншікке өткізу;
— Аудан аумағынан тыс жерлерде тіркеліп, аудан аумағында орналасқан кәсіпорындар;
— Аудан аумағынан тыс жерлерде тіркеліп, аудан аумағында жұмыс атқарып жүрген мердігерлер;
— 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында жүргізілген тексеру нәтижесімен анықталған Заңсыз орналасқан жарнама нысандары;
— Автотұрақтар мен жанар май құю бекеттерін салуға берілген жер телімдерінен түскен салық;
— Коммуналдық тұрғын үйлерді жалға беруден түсетін түсімдердің өндірілмеген қарызы;
— «Дипломмен ауылға» 2009-2017жж берілген несиелердің қарызы;
— Жұмысшы топпен анықталған заңдастырылмаған нысандар мен тойханаларды бағалау мәселелері қаралды.

Аудан әкімі кіріс көздерін арттыру аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға сеп болатындығын айтып, нәтижелі жұмыс қажет екендігін атап өтті. Сондай-ақ аудан басшысы күн тәртібіндегі қаралған мәселелерді саралай келе, тиісті мекемелендің және бөлімдердің басшыларына нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бойынша тиісті жұмыстарды жандандыру керектігін тапсырды.

x

Check Also

Оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік береді

Бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуде Мемлекет басшысы ҚҚС бойынша мөлшерлеме саралануы тиістігін, салық-бюджет реформасын жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл шешім елдегі салық ...

Үкімет ұсынған ҚҚС пайызы тым жоғары — Президент

Бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуде Мемлекет басшысы ҚҚС бойынша мөлшерлеме саралануы тиістігін, салық-бюджет реформасын жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Иә, бұл Қазақстандағы салық ...