Тұрғындар тазалық акциясында белсенділік танытты

Бүгін Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданына қарасты Ә.Жангелдин көшесі бойындағы №28, 30, 32 көп қабатты тұрғын үй тұрғындары Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізіліп жатқан тазалық жұмыстарына қатысты.

Тұрғындар «Тазалық – денсаулық кепілі» деген ұранды ұстанып, өз аулаларындағы ағаштардың түптерін әктеу, артық өскен бұталарды қырқу, шөптерді ору, ирригациялық арықтарды күл-қоқыстан тазалау және ойын алаңшалары мен орындықтарды сырлау жұмыстарын жүргізді.

Тазалық жұмыстарына тұрғындармен бірге ауданның ардагерлері, белсенді жастармен қатар коммуналдық қызметкерлер барлығы 200-ден астам адам қатысты.

Іс-шараға қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамудин Наштайұлы Президентіміздің «Таза Қазақстан» акциясының науқандық іс-шара еместігін, бұған әрбір қала тұрғыны бей-жай қарамай тазалық мәдениетінің өзімізден бастау қажет екенін айтты. Сондай-ақ тұрғындарды өз аулаларын таза ұстауға, жастардың тазалық мәдениетін сақтауға баса назар аудару қажет екенін жеткізді.

x

Check Also

Шымкент: Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасы аясында алты отбасына жаңа пәтерлер берілді

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру қолға алынған болатын. Бірінші кезеңде Реновация ...

Мақсат — татулықты тұғырынан түсiрмеу

Бүгін «Достық үйінде» Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалығымен Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің ...