Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е.Сағындықованың Шымкент қаласына іссапармен келуі жайлы

2024 жылғы 03 мамырда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Ерікқызы Сағындықова Шымкент қаласына іссапармен келді.

Іссапар вице-министр Назгүл Ерікқызы Сағындықованың Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Жұмабекұлы Асыловпен кездесуімен басталды. Кездесулерге Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Руслан Кәрібайұлы Тұңғышбаев, Шымкент қаласы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өмірсейітқызы Өтебаева қатысты.Іссапар барысында вице-министр Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының № 8 «Қамқорлық» жұмыс орталығымен балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы,

Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы, Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Ізетті зейнеткер“ орталығы, Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының» Бақытты жанұя » орталығының және № 5 «Аялы алақан» басқарма арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарымен танысу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Шымкент қаласының тұрғындарымен «Белсенді ұзақ өмір суру»орталығында кездесу өткізілді. Кездесу барысында азаматтардың жеке мәселесі тыңдалды.Іссапар соңына қарай, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұжымымен кездесу өтті.Кездесу барысында департамент қызметкерлерімен танысу жұмыстары жүргізіліп, департамент жұмыстарына байланысты өзекті әрі ауқымды мәселелер талқыланып,сонымен қатар,департамент жұмыстарына байланысты соңғы жаңалықтарды түсіндіру жұмыстарымен аяқталды.

Дереккөз: Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қ. бойынша департаменті