Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 9-шы отырысы өтті

Бүгін қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлының төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиналыста күн тәртібінде өзекті деген бірнеше мәселе қаралды.

Мәжілісте қала аумағындағы кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың, суицидтің алдын алу шаралары туралы Абдрахман Тоқбергенов баяндаса, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің үстінен жинақталған іс құжаттар бойынша Түркістан ҚПБ-ның ЖПҚ бастығы М. Жумабеков жеткізді.

Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жасады.

Өз кезегінде комиссия төрағасы Мекенхан Қозыханұлы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.