Жергілікті дәрігерлер Ресейлік мамандармен тәжірбие алмасты (видео)

Үшінші мегаполисте жүйке жүйесі ауруларының мамандар бас қосты. Түркістан облысы мен Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. «орталық жүйке жүйесінің аутоиммундық және қабыну аурулары» тақырыбында өткен іс-шарағы еліміздің өзге өңірлері мен Ресейдің Мәскеу қаласынан білікті дәрігерлер келген.

Ғылыми конференцияда жүйке жүйелеріне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Жергілікті мамандармен тәжірбие алмсуға Ресейдің белгілі ғалымдарын шақыртылған. Олардың айтуынша Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде орталық жүйке жүйесінің аутоиммундық және қабыну аурулары жиі кездесетінін айтады.

Екатерина Попова, медицина ғылымдарының докторы/Мәскеу/
— Осы жолғы халықаралық конференцияда «Қазақстанның Оңтүстік өңіріндегі орталық жүйке жүйесінің аутоиммундық және қабыну аурулары» тақырыбы –кездейсоқ таңдалған жоқ. Қазіргі неврологияда орталық жүйке жүйесінің қабыну аурулары маңыз орын алады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, аутоиммунды процес ол түрлі бактериялардан, қоздырғыш вирус салдарнан пайда болуы мүмкін. Бұл жүйке жүйесінің қабынуына әкеліп соғады.

Жүйке жүйесінің аутоиммунды аурулары бар науқастарға араналған кабинет 2019 жылы Облыстық клиникалық ауруханада ашылған. Ақ халаттылар қазіргі таңда сырқаттың бұл түрімен 100 мың аданың 4 еуі аурыатынын айтады. Ресейлік ғалымдар болса Қазақстанның денсаулық саласы өзге көрші мемлекеттерге қарағанда дамығанын айтады. Әсіресе диагностика жасау үшін қажетті құрылғылардың барлығы бар дейді.

Дмитрий Касаткин, медицина ғылымдарының докторы, «Ярославль мемлекеттік медицина университетінің профессоры /Ресей/
— Қазақстанға бірнеше мәрте келгенмін. Ресеймен салыстырғанда мұнда медициналық талдаулардың біразы қолжетімді екен. Мұнда медицина саласының жақсы дамып келе жатқанын көріп отрмыз.. Әсіресе диагностика жасауда ілгерілеушілік бар. Мұнда жасалатын анаиздердің бірқатарын біздің елде жасау мүмкін болмай тұр.

Статистикалық мәліметке сүйенсек Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан 186 азамат тіркелген. Оның 138-і шашыраңқы склерозбен, 48-і нейромиелиттің оптика спектрі ауруымен ауыратындар. Ал миастениямен ауыратын 78 науқас ем қабылдап жатыр. Көбінесе бұл науқастар аурудың ауыр ағымынан зардап шегеді және облыстық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімдерінде емделеді.

Макшарип Мартазанов, Қазақстандық склерозды зерттеушілер қауымдастығының президенті
— Орталық жүйке жүйесінің аутоиммундық және қабыну аурулары тақырыбы бүгінде актуалды. Сондықтан біз өзіміздің дәрігерлерден өзге шет ел мамандарымен тәжірбие алмасып отырамыз. Аурудың бұл түрімен қазақстанда 100 мың адамға шаққанда 25-30 –ы ауырады.

Айта өтейік орталық жүйке жүйесінің аутоиммундық және қабыну ауруларымен ауыратындардың басымы нәзік жандылар. Әсіресе 18 бен 40 жас аралығындағы адамдардан көп анықталады дейді дәрігерлер.

© Ońtústik TV