Заманауи диагностикалық және оперативті эндоскопияның мүмкіндіктері

Қалалық онкологиялық орталығында 19-20 сәуір аралығына жоспарланған Денсаулық сақтау басқармасы мен Қазақстан эндоскопистер қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Заманауи диагностикалық және оперативті эндоскопияның мүмкіндіктері» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өз жұмысын бастады.

Аталған іс шараға Қазақстан эндосскопистер қоғамдық бірлестігінң төрағасы Батырбеков Канат Умирзахович және А.С. Логинов атындағы Мәскеу клиникалық ғылыми-практикалық орталығының бас эндоскописті Недолужко Иван Юрьевичтің қатысуымен заманауи эндоскопияның мүмкіндіктері тақырыбында дәрістер оқылып, 9 науқасқа түрлі деңгейдегі күрделі оталар жасалуда.

Іс шараға Шымкент, Алматы қалаларымен қатар көршілес Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының мамандары қатысуда. Аталған іс шара ертең де жалғасын табады.