Шымкентте 1 мыңнан астам тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылды

Асар-2 елдімекенінде РП-10кВ электр станциясы іске қосылды. Электр тарату бекетін қолданысқа беруге арналған салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жергілікті халықты сапалы жарықпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар былтыр қараша айында басталды. Қала басшысының тапсырмасына сәйкес құрылыс мерзімінен бұрын аяқталып, нәтижесінде 1150 абонент үздіксіз электр қуатына қол жеткізді.

Айта кетейік, жергілікті тұрғындар бұрын жеке трансформаторларды қолданып келген және электр қуатының сапасына шағымданған болатын. Ал енді елдімекен халқы бұл қызмет үшін артық төлем жасамайды. Сонымен қатар, станция жаңа тұрғын үйлерді ғана емес, әлеуметтік нысандарды да электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі