Ордабасылық дәрігерлер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Мемлекет басшысының бастамасымен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталған болатын. Осы орайда Түркістан облысында «Таза өлке» апталығы басталып, аудан-қалаларды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Апталық аясында ордабасылық медицина саласының қызметкерлері сенбілік өткізіп, емхана ауласына 1 000-нан астам гүл отырғызды.

Сонымен қатар, бүгінде аудан бойынша акция аясында ағаш көшеттері егілуде. Одан бөлек, әр ауыл округте тазалық, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл — ауылдардың жасыл белдеуге айналып, таза ауаға оң әсер етері сөзсіз.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызметі