Экологиялық акция аясында Арыс қаласы гүлмен көмкерілуде

Арыс қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында ауқымды шаралар іске асуда. Бүгін орталық Әл-Фараби алаңы маңында әсемдігі көз тартатын түрлі-түсті гүлдер отырғызылды. Алдағы уақытта қаладағы саябақтар мен аллеялар да гүлге көмкерілмек.

Раушан, канны, ирис, маргарита, виола сынды көпжылдық және маусымдық гүлдер отырғызылуда. Жалпы жыл соңына дейін қаланы көгалдандыру бойынша 13 мың түп гүл отырғызу жоспарланған. Бұл жұмыстарды «Qazaq Real Stroi» ЖШС-і жүргізуде. Игі бастаманы қала тұрғындары да ықыласпен қолдап жатыр. Шаһардың көркеюі үшін алдағы сенбіліктерге де белсене қатысады деп күтілуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі